Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

отырып, иммуноферменттік анализ әдісіне тандау жасалады, жекелеп айтқанда оның бір түрі - ELISA әдісі, ол ескі бақылау әдістеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандырады. Азық-түлік іиикізаты жэне тагам өнімдерінің микотоксиндермен ластануы Микотоксиндер (грек тілінен аударғанда mykes -саңырауқұлақ, tdxicon -у деген мағынаны білдіреді) - бұл айқын уытты қасиеттері бар микроскопиялық зең саңырауқұлактарының екіншілік метаболиттері. Микотоксиндердің жоғары қауіптілігі сонда, олар өте аз мөлшерде уытты эсер береді және өнімге терең енуге қабілетгі. Афлатоксиндердің продуценттеріне бүкіл әлемде кеңінен таралған аспергиллалардың екі түрінің әртүрлі штамдары жатады (Aspergillus fl avus және Aspergillus parasiticus). Афлатоксиндер микотоксиндердің өте қауіпті топтарының өкілдері болып табылады, олар күшті гепатоксикалық және канцерогенді қасиеггерге ие. Айта кету керек, токсигенді саңырауқүлақтар тек сақтау барысында емес, өсу процесінде, өнімді жинау, тасымалдау және өвдеу барысында әртүрлі субстратгарды зақымдауы мүмкін. Афлатоксиндер тұқымдасының төрт негізгі өкілі (афлатоксиндер Bl, В2, Gl, G2,) және негізгі топтың туындылары немесе метаболитгері болып табылатын 10-нан астам қосылыстары бар (Ml, М2, В2а, С2а, GM1, Pl, Q1 және т.б.). Табиғат жағдайында афлатоксиндер көп мөлшерде және жиірек арахис, жүгері және мақта түқымдарында болады. Бұцан басқа, коп мөлшерде олар әртүрлі жаңғақтар, майлы дақылдардың түқымдары, бидай, арпа, какао және кофе дәндерінде, сонымен қатар ауылшаруашылық жануарларыныц азықтарьшда жинақталуы мұмкін. Айта кету керек жануар текті өнімдерде, жоғары концентрациялы афлатоксиндермен ластанған жеммен азықтанған малдың сүтінде, тіндері және органдарында афлатоксиндер пайда болу мүмкіндігі бар. Сиырлар сүтпен бірге 0,35-тен 2-3 %-ға дейін жемнен алынған В] афлатоксинінен жогары уытты метаболит түріндегі М! афлатоксин бөлетіні дәлелденген. М[ афлатоксині қаймағы алынбаған сүт 138 және қүрғак сүтте, сонымен қатар технологиялық өндеуден өткен сүт өнімдерінде (пастеризация, стерилизация, сүзбе, йогурт, сыр дайындау және т.б.) табылған. Контаминантталған 41

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==