Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Хлорамфеникол (левомицетин) — малпіаруашылығында қолдануға тыйым салынған, кең спектрлі әсері бар синтетикалық антибиотик. Препараттың салыстырмалы арзандығы және жоғары бактерияға қарсы тиімділігі кең ауқымда рүқсатсыз қолданылуына мүмкіндік береді, сондықтан ет, бауыр, бүйрек, сүт, сүзбе, қаймақ, сыр, жұмыртқа және басқа өнімдерде 0,02-0,50 бірл./үлгі граммы концентрациясында (белсенділіктің 1 бірлігі 1 мкг таза затқа 132 сәйкес келеді) левомицетиннің қалдықты мөлшері жиі байқалады. Тетрациклин кең спектрлі әсері бар тиімділігі жоғары антибиотик болып табылады, медицинада әртүрлі ауруларды емдеуге, сонымен катар мал емдеуде микробқа қарсы әсері жоғары болғандыктан қолданылады, (хлортетрациклин, окситетрациклин) тетрациклинмен ластанған өнімді тағамға қолданған адамньщ берілген антибиотикке микрофлора түрақтылығының дамуына байланысты қауіпті болып саналады. Тетрациклин тобы антибиотиктерінің қалдықгы мөлшерінің РЕШК-сы ет, сүт және г.б. тагам өнімдсрінде 0,01 бірл./г-ды (өте таза тетрациклинде 1 бірлік 1 мкг-ға сәйкес келеді) күрайды. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда антибиотиктердің қалдықты мөлшері рұқсат етілмейді және бір грамм үлгіде антибиотикалық белсенділік бірлігі үлесінің деңгейінде (мкг) нормаланады (4-кесте). Қазіргі уақытга антибиотикалық препараттардың қалдықтарын аналитикалық аныктау үпіін антибиотиктер және талданатын экстрактінің стандартты сандарының көмегімен микроағзалардың тест — дақылдарының өсімін тіркеуге негізделген микробиологиялық әдістер; эффектісі жоғары сұйықтық хроматографиясы; массспектрометрлі детекторлы сұйықтык хроматографиясы (МССХ); талданатын затгың өзіндік даты пайда болганда тіркеуге мүмкіндік беретін жүқақабатты хроматография (ЖҚХ); арнайы органикалық хромоформы бар антибиотикті еәулелейтін кешеннің түзілуіне негізделген флуоресцентгі анализ қолданылады. Антибиотиктерді үшатын жағдайға ауыстыру қиын болғандықтан газдық хроматография әдісі қолданылмайды. 39
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==