Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Еуропалық қауымдастық елдеріаде түтынушылар денсаулықка қауіпсіз концентрацияда болса да «гормональды» технологиямен алынған, гормональды препараттар қалдығы бар ет және ет өнімдерін алудан бас тартады. Еуропалық иарықта өз орнын табу үшін көптеген малшаруашылығы кәсіпорындары мал өсіру барысында гормондарды қолданудан бас тартуға мәжбүр болуда. Өкінішке орай, қазіргі уақытга Қазақстанда гормональды препаратгарды бақылаудың міңдетті тәртібі емес тек ұсынымы қарастырылған. Жекелеп алғанда, 2003 жыл, 11 маусымдағы 131 № 4.01.071.03 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және тағамдык құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелері және нормаларына сәйкес жануар текті өнімдерде жануарлардың өсім стимуляторлары, соның ішінде гормональды препараттардың қалдықты мелшері бақыланады, Бірақ бұл бақылау, өнімді дайындау және сақтауда қолданылатын жануарлардың өсім стимуляторлары және дәрілік препаратгары жөніндегі өндіруші (жеткізупй) ұсынатын ақпаратка негізделеді. Осылайша, егер ойы арам жеткізуші еттіц «гормональды» технологиямен өсірілгендігі жөнінде ақпаратты жасырса, құрамында гормональды препараты бар өнімдердің Қазақстан нарығына ену қауіптілігі туындайды, бұл жағдайда гормональды препараттардың қалдықты мөлшерін анықтау міндетті емес. Антибиотиктер жэне басқа да ветеринарлык; препараттардың цалдыкрпы мөлилерін бақылау Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы ветеринария саласында мал және қүсты емдеу және сақгандыру мақсатында кейбір микробтарға қарсы препарагтарды қолдаиуды қарастырады. Бірақ, олардың тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, өндірушілер бірқатар жағдайларда рұқсаты болмаса да адамды емдеуге қолданылатын антибиотикалық заттарды қолданады (пенициллин, тетрациклин және левомицетин туындылары). Препараттарды қолдану барысында құрамында антибиотигі бар тагам өнімдерін тұтынатын адамда осы заттарға тұрақты микрофлора дамуы мүмкін. Адамда дисбактериоз дамиды, оған антибиотикпен емдеу тағайындалса, емі тиімсіз болады. Шетелден осындай ет өнімдерінің әкеліну мүмкіндігі және малшаруашылығы және құсшаруашылығын дамыту жұмыстары бақылау проблемасын өзекті қылып отыр. 38

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==