Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Адам ағзасында гормондардың артық болуына байланысты заң бақылау тәртібін бекітіп, олардың қолданылуын шектейді. Мысалы, біздің елдің малшаруашы лығында стильбендерді қолдануға рұқсат етілмейді. Сондықтан көтерме саудада сатылатын ет өнімдерінің құрамында диэтилстиль бэстрол болмауы тиіс. Эстрадиол және тестостерон мөлшері өнімде 0,0005 және 0,015 мг/кг-нан аспауы тиіс. Шикізаі' түріне байланысты өсім стимуляторлары, стероидтар және бета-блокаторлардың максималды молшері келесі мәндсрден аспауы тиіс(мг/кг): ❖ зеранол 0,002-0,010 ❖ дексаметазон 0,0005-0,0025 ❖ тренболон 0,002-0,010 ❖ коразолол 0,005-0,025 ❖ карбадокс 0,005-0,030 1981 жылы АА¥/БДС¥ комитеті малшаруашылығындағы гормондар және гормональды белсенді заттарды қарастырып, қолданылатын заттарды: 1) еті адам тағамына қолданылатын, жануарларда кездесетін гормондарға ұқсас гормондар және олардың эфирлері; 2) гормон туындылары, гормональды белсенді косылыстар сияқты ксенобиотикалық қосылыстар, адамның эндогенді гормонына ұқсамайтын гормональды белсснді табиғи заттар және осы қосылыстардың туындылары сияқты екі категорияға бөлді. АА¥/БДС¥ Комитетінің отырысында, еті тағамға қолданылатын малды азықгандыру үшін ксенобиотикалық анаболикалық заттарды тұтыну тиімділігін бағалау барысы көп жағдайда пестицидтерді бағалауға ұқсас деген пікір айтылды, себебі бұл үшін: 1) айтарлықтай толық, қажетті токсикологиялық мәліметтер; 2) алдыңғы қатарлы малшаруашылық тәжірибесіне сәйкес көрсетілген заттарды қолдану барысында қалдықтардың сипаты және деңгейі жөнінде жеткілікті мәліметтер сиякты екі элемент қажет. Алдыңғы қатарлы малшаруашылығы тәжірибесіне қелсек, ксе нобио-тикалық анаболикалық заттардың тиімділігі туралы мәліметтер, тиімді нәтижеге жету үшін қолданылатын мөлшері, сынау барысында алынған қалдыктар деңгейі туралы мәліметтер, сонымен қатар бақылау үшін немесе мониторинг мақсатында қолданылуы мүмкін қалдық деңгейін талдау әдістері туралы 36

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==