Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

(адренокортикотропты гормон (АКТГ), вазопрессин, окситоцин); стероидты гормондар (эстрогендер, андрогендер, прогестерон, кортикостероидтар) деп белуге болады. Соңғы уақытта гормондар және синтетикалық жолмен алынган гормональды белсенді заттар малшаруашылыгында мал азығының сіңімділігін жақсарту үшін, жануарлардың түқымдыльнына серпіліс беру, өсімталдығын, буаздық кезеңін реттеу, жыныстык жетілуін тездету және басқа да мақсаттарда кеңінен қолданыс тапқан. Ғылымның дамуымен байланысты анаболикалық әсері бойынша тиімділігі табиғи гормондардан 100 есе және одан да жоғары гормональды препараттар ойлап табылған. Бүл препараттардың тиімділігі жоғары және арзан болуы малшаруашылығы тәжірибесіне қарқынды түрде енгізуді анықтап берді (диэтилстильбэстрол, синэстрол, диенэстрол, гексэстрол және т.б. Бірақ табиғи аналогтарымен салыстырғанда көптеген синтетикалық гормональды препараттар өте тұрақты болып шықты, олар нашар метаболизденеді және жануар ағзасында көп мөлшерде жинакталып, тагам тізбегі бойынша тагам өнімдеріне көіпеді. Өсірудің жасанды стимуляторларын АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина және Оңтүстік Америка, Азия және Африканың кейбір елдері шектелген түрде қолданады. Кейбір гормональды препараттарды жануар ағзасына аз мөлшерде енгізу оның бұлшықет тінінің қарқынды түрде өсуін тудырады. Әңгіме бірқатар шет мемлекеттерінде құс, ірі қара мал және шошқаны өсіруге арналған «гормональды технологиялар» жайында болып отыр. 10- 100 мг/кг мөлшерінде диэтилстильбэстролды жануарға салғанда оның салмағы 5-25%-ға дейін ұлғаяды, бул өндірупіілер үшін өте қолайлы болып саналады. Қолданылған гормональды препараттардың қалдықтары мал сойылғаннан кейін шикі етте қалып, ет өнімдері арқылы адам ағзасына жетуі мүмкін. Синтетикалық гормональды препараттар тагам дайындағанда тұрақты болады, адам ағзасының зат алмасуы барысында және физиологиялык функцияларында жағымсыз дисбаланс іудыруы мүмкін. Гормональды препараттар және басқа биокатализаторларды қолдану олардың агза жасушасы және тіндерінде жинақталуына және токсикологиясына байланысты тиянақгы гигиеналык зерттеулер жүргізуді талап етеді. 35

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==