Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

1.4 Мал шаруашылығында қолданылатыи гормондар мен антибиотиктер «Гормон» терминін (грек тілінен аударғанда һоппаб — талаптандырамын, қоздырамын деген мағынаны білдіреді) алғаш рет ағылшын физиологи Э. Г. Старлинг 1905 жилы қолданды. Гормондар ағзаның морфологиялық дамуында жэне оның органдарының биохимиялык және биофизикалык қызметінде белгілі бір рөл атқаратын химиялық заттар болып табылады. Тірі жасуша шығаратын бұл органикалық затгар гуморальды жолмен көшіріледі, агзаның түрлі жүйелерінің қызметін реттеуші ретінде эсер етеді. Көішіілік гормондар жасушааралық сұйықтықка (қан, лимфа және т.б) бөлінеді, осылайша эсер ететін органдарға жетеді, бірақ тін гормондары және нейрогормондар сиякты кейбір гормондар қан ағынынан өтіп кетіп, өздері эсер ететін шектелген тін аумағының шектеріне тікелей бөлінеді. Гормондарды анықтайтын белгілердің біріне өте аз концентрациядағы олардың биологиялық белсенділігі жатады. Оси белгісі бойынша гормондарды биологиялық белсенді заттар класына жатқызады, ол класқа ферменттер жэне дәрумендерді де жатқызады. Бірақ гормондар ферменттер сияқты органикалық катализаторлар болып табылмайды, бірақ катализдейтін ферменттермен жүретін зат алмасу реакциясының ағымына жанама түрде эсер етеді. Гормондардың дэрумендерден айырмашылығы олар ағзаға сырттан түспейді, ағза ішінде өндіріледі, гормондардың биосинтезіне арналған құрылыс материалы ағзаға тағаммен түсуі мүмкін. Ағзаға эсер етуі бойынша жоғары жануарлардың гормондарын: 1)зат алмасуға серпін беретін гормондар (йодталған тирониндер сиякты); 2) жүйке жүйесін қоздыратын гормондар, мысалы, ацетилхолин, пирокатехинаминдер; 3) өндіру гормондары (жыныс гормондарыныц түрлері); 4) гормональды қызметті реттейтін гормондар (гипофиз тропиндері) сияқты түрмен жіктеуге болады. Химиялық құрылымы бойынша гормондарды фенол туындылары (адреналин, норадреналин, тироксин), белоктар (инсулин), гипофиздің алдыңғы үлесінің гормондары (хорионикалық гонадотропин, тиреоглобулин, секретин); пептидтер 34

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==