Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

қолданылады. Бейорганикалық препаратгарды (натрий арсенатының ерітіндісі (Ш), мышьяк ангидриді жэне т.б.) жүдеп элсіреу кезінде, қан аздық, кейбір тері ауруларын емдеуге тағайындайды. Tie емдеу тәжірибесінде мышьяк ангидридінің пастасын қолданады («ақ мышьяк»). Мышьяктың органикалық препараттары қайтымды тиф, малярия және бірқатар жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылады. Бірақ емдік мышьяк препараттарын малшаруашылығында үзақ уақыт және үлкен дозаларда қолдану, жануардан алынатын ет және сүтте, қышымаға қарсы емдеу барысында жүнде мышьяктыц жинақталуына алып келуі мүмкін. ААҰ және БДСҮ сарапшыларыньщ мәліметтері бойынша, сресек адамдар үшін мышьяктыц тәуліктік дозасы орташа алғанда 0,05-0,42 мг құрайды. Құрамында мышьяк концентрациясы жоғары өнімдерді қолданғанда уьпталу қауіптілігі және кері зардаптар туындайды. Үш және бес валентті мышьяк формалары асқазан — ішек жолдарына тез сіңеді. Пакты жүтылған мышьяк мөлшері мышьяктыц химиялық қосылыстарының түріне және тағам қүрамына байланысты болады. Жүтылған мышьяк А-глобулинмен қосылып протеинді кешен түрінде барлық органдармен тіндерге тез таралады. Ағзаға 24 сағаттан кейін түскеннен кейін оның концентрациясы органдардың көпшілігінде азая бастайды. Ағзаға түскеннен кейін терідегі мышьяк молшері бірнеше күндерден кейін үлғаюы мүмкін. Мышьяктың теріде, аяқта, шашта, сонымен қатар сүйек және бұлшыксттс жиналатыны байқалған. Мышьяк белоктың сульфгидрильді топтарымен байланысып, жасушалы метаболизм және тыныс алу процестеріне қатысатын көптеген ферменттердің әрекетін тежейді. Мышьякпен созылмалы улану тәбеттің жоғалуын және салмақтың төмендеуін, ішектік бүзылыстар, перифериялық невроз, конъюнктивит, гиперкератоз және тері меланомдсын тудырады. Меланома мышьяктыц ұзақ эсер етуі барысында пайда болады жэне тері рагының дамуына алып келуі мүмкін. ААҮ және БДСҮ сарапшылары мышьяктыц 1 кг дене массасына РЕТД -сын 0,05 мг деп бекіткен, ол ересек адам үшін 3 мг/тәул. құрайды. 33

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==