Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Мышьяк қоршаған ортада кеңінен таралған. Ол дерлік барлық топыракгарда кездеседі. Мышьяктың тотығу деңгейі -3, 0, +3, +5. Мышьяктың кеңінен таралған бейорганикалық қосылыстарына мышьяк оксиді (III) As2 03 және (V) As2 05 жатады. Мышьяктың басқа да маңызды қосылыстарына мышьяк хлориді (III), қорғасын арсенаты, мыс ацетарсенаты сияқты түрлі тұздар, сонымен қатар арсиннің газтәріздес сутекгі қосылыстары (AsH3 ) жатады. Уыттылық деңгейі бойынша мышьяк келесі қатарға топтастырылады: AsH3 > As 3+ > As 5+ > RAsX. Қоршаған ортада кеңінен таралғандықган және ауылшаруашылығында қолданылғандықтан мышьяк көптеген тағам өнімдерінде болады. Әдетте, оның мөлшері тағам онімдерінде аз (0,5 мг/кг - нан темен), 1 мг/кг - нан сирек асады, ал кейбір теңіз микроағзалары осы элементті жинақтайды. Айтарлықтай ластану болмаған жағдайда мышьяк мөлшері нан өнімдерінде - 2,4 мг/кг дейін, жемістерде - 0,17 дейін, сусындарда -1,3 дейін, етте - 1,4 дейін, сүт өнімдерінде 0,23 мг/кг-ға дейін болады. Теңіз өнімдерінде мышьяк мөлшері көп болады, әдетте, ол 1,5-15,3 мг/ кг құрайды. Мышьяк дерлік барлық тұщы суларда болады. Әртүрлі көздердегі ауыз судағы мышьяк мөлшсрі терең жыныстардың табиғаты бойьпшіа анықталады. Кейбір геологиялық формацияларда арсеноприт жатады, ол тұщы судағы мышьяктың көзі болып табылады және оның концентрациясын 0,5-1,3 мг/л дейін ұлғайтуға әкеп соқтырады. Мыс балқыту зауыты, түсті металдарды өңдейтін, қоңыр көмірді жағатын кәсіпорындар айііаласындағы мышьяк қосылыстары қоршаған ортаның техногенді ластануының негізгі қаупін тудырады. Мұндай кәсіпорындардың жұмыс орындарында мышьяк тәріздес ангидрид және мышьяктың басқа да қосылыстарының жоғары концентрациясы түзіледі, олар суда, топырақта, өсімдікте жиналып, ластанған жеммен қоректснетін жануарлардың ағзасына, солардан алынатын сүт және етке таралады. Медицина мамандары аз мөлшердегі мышьяктың адам ағзасына пайдалы эсер ететінін анықтаған, бұл металл қантүзуді жақсартып, азот жэне фосфордың сіңуін жоғарылатады, бслоктардың ыдырауын шектейді, тотығу процестерін әлсіретеді. Мышьяктьщ бұл қасиеттері емдік мақсатта мышьяк препараттарын тағайындауға 32

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==