Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

қорғасынның сіңірілуін күшейтеді. D дәрумепі кальцийдің және қорғасынның жұгылуын ұлғайтады. Темірдің жеткіліксіздігі қорғасынның сіңірілуіне мүмкіндік туғызады, бұл ашықканда байқалады. Осындай әсерге көмірсу мөлшері жоғарылатылған, белогы тапшы диета алып келеді. Қан-тамыр жүйесіне, қан жасушасы және плазмаға түскен қорғасын бүкіл денеге таралады. Қанда қорғасын негізінен эритроциттерге қосылады, онда онын концентрациясы плазмага қарағанда 16 есе дерлік жоғары болады. Қорғасынпың адам ағзасында биологиялық ыдырауының жартылай кезеңі 5 жыл, сүйектерде -10 жылды құрайды. Қорғасын метаболизмінің кальций метаболизмімен ортақ ұқсастықтары көп. Екі металда негізінен кальций фосфатынан түратын сүйектің кристалдық қүрылымында болады. Қорғасын органның төрт жүйесі қантүзетін, жүйке, асқазан-ішек және бүйрекке улы эсер етеді. Әдетте қорғасынмен жедел улану асқазанішек бүзылыстарымен білінеді. Тэбет жоғалту, диспепсия жэне іш қатудан басқа іш қатты шанпіьш ауруы мүмкін. Қорғасынның эсер етуі салдарынан ересек адамдардың бас миының ауруы сирек кездеседі, бірақ балаларда жиі болады. Қорғасынмен уланғанда эритроциттер тіршілігі кезеңінің қысқаруы қан аздық ауруына алып келуі мүмкін. Қорғасынның орталық жэне перифериялық жүйке жүйесіне эсер етуі жақсы зерттелген. Күрделі энцефалопатиядан басқа қорғасынның жүйке жүйесіне эсер етуінің жеңіл симптомдары бар, ақыл-ой қабілетінің төмендеуі жэне агрессивті мінез-қүлық көрсетуі байқалады. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы қол жэне аяқ бұлшықетгерінің қорғасын себебінен салдануына алып келеді. Қорғасынның ағзаға түрақты түрде, үзақ уақыт бойы аз түсуі созылмалы ауруларды тудырады. БДСҮ баяндамасына сәйкес қорғасынның ұзаққа созылған эсерінен қандағы оның концентрациясы 70 мкіУмл-ден көп болса созылмалы кайтымсыз нефропатияны тудыруы мүмкін. ААҮ жэне БДСҮ сарапшылары ересек адамдар үшін қорғасынның максималды рүқсат етілетін дозасын аптасына - 3 мг, РЕТД-сын 1 кг дене массасына 0,007 мг, ауыз судағы РЕШК-ны - 0,05 мг/л деп бекіткен. Мышьяк, оның уыттылыгы және ластану көздері 31

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==