Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

(поливинилхлорид) ретінде, электр батареяларын жасауда қолданылады. Өнеркәсіп қалдықтары, сонымен қатар қүрамында кадмийі бар пластмасс қалдықтарыи жағу нәтижесінде кадмий ауаға түсуі мүмкін. Кадмий кез келген түрде қауіпті: ішке қабылданған 30-40 мг дозасы адамды өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, материалының қүрамында кадмийі бар пластмасс ыдыстардың ішіндсгі суды тұтыну қауіпті болып саналады. Ерте симптомдары бүйрек және жүйке жүйесін зақымдайтьін, жедел сүйектік ауру сезімінің пайда болуымен сипатталатын созылмалы улану пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар өкпе функциясы да бүзылуы мүмкін. Кадмийдің уытгылығы өте күшті білінеді, осыған байланысты бұл металл басыңқы (приоритетті) ластағыштар ретінде қарастырылады. Кадмий сүйек тінін қалыптастыруға қажетті мырыштың орнын басуға энзиматикалық жүйеде қабілеті бар, ағымы жедел аурулармен аяқталады. Кадмийдің эмбриотропты және канцерогенді әсерлері туралы мәліметтер бар. Ағзада кадмий бірінші кезекте бүйрекке жиналады. Шекті концентрацияға жеткеннен кейін (1 г бүйрек массасына 0,2 мг кадмий шамасында), ауыр уланулар және дерлік жазылмайтын аурулар симптомы пайда болады. Кадмийді табиғат ортасынан алып тастау мүмкін емес, сондықтан көп жиналып, түрлі жолдармен адам жэне жануардың тагам тізбегіне түседі. Жұтылған кадмий мөлшері ағзадан өте баяу (тәулігіне 0,1%) шығады. Кадмийдің биологиялық жинақгалу коэффициент! жоғары, кадмийдің биологиялық ыдырауының жартылай кезеңі - органда немесе ағзада жинақталған металды томендетуге уақыт қажет, ол бастапқы мөлшерімен салыстырғанда екі есе - 19-40 жылды қүрайды. Сондықтан томен дозада қолданылған кадмийдің адам ағзасына жағымсыз эсер етуі нақты қауіп төндіреді. Біз кадмийді көп жағдайда өсімдік текті тағаммен қабылдаймыз. Кадмий топырақтап өсімдікке оңай өтеді, ол кадмийді 70 %-ға дейін топырактан, тек 30 %-ын ауадан алады. Бүкіләлемдік Денсаулық сақгау ұйымы кадмийдің максималды рүқсат етілетін дозасы ересек адамдар үшін аптасына 500 мкг құрауы тиіс деп есептейді, яғни РЕТТМ-70 мкг/тәул., ал РЕТД-1 кг дене массасына 1 мкг қүрайды. Қоргасын, оның уытптылыгы және ластану көздері 29

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==