Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Сынаптың органикалық қосылыстары адам ағзасынан өте баяу шығатын және ыдырайтын күпггі заттар. Сынап ағзадан жартылай бүйрек арқылы, негізінен бауыр және өт, сонымен қатар нәжіспен шығады. Сынап қосылыстарының ағзадан (олардың биологиялық ыдырауының жарты кезеңі) шығу ұзақтылығы 70 күнге жуық уақытты қүрайды. Сынаптың токсикалық қауіптілігі белоктың SH- топтарымен әрекетгескенде білінеді. Оларды қоршай отырып, сынап тін бслоктарының биологиялық қасиеттерін өзгертіп, бірқатар гидролипикалық және тотығу ферменттерін инактивациялайды. Сынап жасушаға еніп, ДНҚ қүрылымына кіріп кегуі мұмкін, бүл адамның тұқымқуалаушылық қабілетіне эсер етеді. Ми метилсынапқа ерекше туыстық білдіріп, басқа органдармен 78 салыстырғанда алты есе көп сынап жинақтауға қабілеті бар. Ми жасушасындағы сынаптыц 95 %-дан астамы органикалық түрде болады. Басқа тіндерде органикалық қосылыстар диметилденіп, бейорганикалық сынапқа айналады. Эмбриондарда сынап ана ағзасындағыдай жинакталады, бірак сынап мөлшері үрық миында жоғары болуы мүмкін. Жануарды балықпен, балық ұнымен, сонымен қатар сынап препараттарымен өвделген дәнді жем ретінде қолданғаннан кейін жануар өнімдеріндс сынаптың өте жоғары мөлшері байқалуы мүмкін. Жануарларды сынапорганикалық пестицидтермен өңделген дәнмен қоректендіргенде сынап сүтпен ұзақ бөлінуі, сонымен қатар тағамға қолданылатын жануар органдары және тіндерінде көп мөлшерде жинақталуы мүмкін. Сынап қосылыстарының бір аптадағы рұқсат етілетін түтыну мөліпері адамда 0,3 мг-нан, метилсынап 0,2 мг-нан аспауы тиіс. Кадмий, оның уыттылыгы және ластану көздері Кадмий сыртқы ортаның өте қауіпті токсиканггарының бірі. Табиғи ортада кадмий өте аз мөлшерде кездеседі. Топырақта өте көп (орташа алғанда 0,1 мг/т) мөлшерде кездеседі. Кадмий фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштарда, кейбір фунгицидтерде өте жогары концентрацияда кездеседі. Кадмийдің өте көп ластану кезіне тағам өнеркәсібіндегі машина жэне жабдықтарға қолданылатын кадмийлі арматура, кадмий қосылыстарымен боялған пластмассалар жатады. Мысалы, кадмий пигментгері лак, эмаль жэне керамика өндірісіне қажет, кадмий қосылыстары пластмассалардың тұрақтандырғышы 28
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==