Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

түқымдарын дәрілеуге қолданатын пестицидтердің әрекет етуші негізі болып табылады. Топырақта сынап қосылыстары көбінесе, уыттылығы азырақ күкіртгі сынап түрінде болады немесе тұқымды дәрілеу өсімдік шаруашылығында фунгицидтер ретінде қолданылатын өте улы үшін сынапорганикалық қосылыстар түрінде топыраққа түсуі мүмкін. Тағам өнімдерінде сынан: атомдық сынап, тотыққан сынап Hg 2+ 2 және сынаптың алкилдеуші агенттермен қосылысы — алкилсынап сияқты үш түрде қатысуы мүмкін. Сынап шаян тәрізділер қоректенетін планктонды ағзаларды (мысалы, балдырлар) жинақтайды. Шаян тәрізділерді балық, балықты қүстар жейді. Тағам тізбегінің соцғы буынында жиірек шагала және суқаракүста болады. Сынап қосылыстарының таралу тізбегін: өнеркәсіптік қалдықтар, егістіктегі шайындылар — ♦ суатгар — ♦ зоопланктон, шаян тәрізділер, моллюскалар, балықтар, теңіз жануарлары (балықтан, теңіз жануарларынан жасалған жемдік ұн) — + үй жануарлары — » адам деп керсетуге болады. Токсикологиялық жағынан алғанда сынап көмірсу атомының метил, этил, пропил топтарына (қысқа тізбекті алкил қосылыстары) қосылғанда өте қауіпті болады. Сынапты метилдеу процесі су экожүйесінің тагам тізбегі бойынша сынап биокумуляциясында басты звено болып табылады. Егер негізгі тагам өнімдерінде сынап мөлшері өнімнің 1 килограмында 60 микрокилограмнан томен болса, ластанбаған өзендер және су қоймаларындағы түщы су балықтарында ол 100-200 мкг/кг, ал ластанған өзен балыкгарында - 500-700 мкг/ кг қүрайды. Теңіз балықгарында сынаптың орташа мөлшері - 150 мкг/кг қүрайды. Балықтың қүрамындағы сынап мөлшерінің табиғи деңгейі ретінде 0,1-0,2 мг/кг шамасын қабылдайды. БДС¥ рұқсат етілген шекті концентрациясы ретінде 0,5 мг/кг мәнін ұсынды. Бүл мән жоғарылатылған болуы мүмкін, сондықган балыкты тек аптасына 1-2-рет түтыну ұсынылады, ал жүкті әйелдер тағамды мулдем түтынбауы тиіс. Адам концентрациясы томен метил сынабы (мысалы, 0,8 мг/кг) бар балықты артығымен тұтынса, оның шашында сынап жиналып, уланудың бірінші белгілері байқалады. Шаштағы сынап концентрациясы 10 мг/кг дейінгі мөлшер қауіпсіз болып саналады, қүрамында сынабы жоқ су және балықты қолданған адам шашында осындай мөлшерде сынап болуы мүмкін. Адам шашында 300 мг/кг- ға жуық сынап мөлшері өмірге қауіпті болып саналады. 27

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==