Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
дозасының шегі болады. Осы шкаладағы темен дозалы уытты элементтердің зиянды әсері болмайды және биологиялық функциясын атқармайды, бірақ жоғары дозада олар уытты эсер көрсетеді. Осылайша, өмірлік маңызы бар элементтермен уытты элементтер арасындағы айырмашылық эрқашан анықталмайды. Барлық элементтер артық мөлшерде қолданылса уытгы болуы мүмкін. Бұдан басқа, химиялық элементтердің уыттылығы бір- бірімен әрекеттескенде байқалады. Мысалы, ағзаға кадмийдің физиологиялық эсері жэне оныц уыттылығы құрамында болатын мырыш мөлшеріне байланысты болады, ал жасушадағы темірдің функциясы мыс, кобальт, біршама деңгейде молибден және мырыштың мөлшеріне байланысты болады. Осыған қарамастан өте темен концентрацияда уытты қасиеті күшті сезілетін жэнс ешқандай пайдалы функция атқармайтын химиялық элементтер де бар. Мұндай уытты элементгерге сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк жатады. Олар өмірге қажетті, пайдалы емес, темен дозаның өзінде ағзаның қалыпты зат алмасу қызметін бұзады. Тағам кодексі бойынша (Codex Alimentarius) АА¥ және БДС¥ біріккен комиссиясы сынап, кадмий, мыс, қалайы, мырыш, мышьяк, қорғасын элементтерінің мөлшерін тағам өнімдерінің халықаралық саудасында бақыланатын компоненттер санына қосты. Сынап: тагам өнімдерінің ластану көздері. Сынап және оның қосылыстарының токсикалық қауіптілігі Сынап рудадан оңай алынады, шектеулі қолданысына қарамастан көптеген ғасырлар бойы кеңінен белгілі. Табигатга сынап үш тотыққан жағдайда: металдық немесе агомдык (Hg°), +1 (Hg 2+ 2 ) тотығу деңгейі бойынша тотыққан, +2 (Hg2+) тотығу дсңгейі бойынша тотыққан жағдайда кездеседі. Тотығу деңгейі (+1, +2) әртүрлі сынап қасиеті, ерітіндінің тотығу-тотықсыздану потенциалы және кешенді қосылыстардын қатысуы бойынша анықталады. Hg2+ ионы биологиялық қосылыстармен, эсіресе, сульфгидрильді топтар арқылы тұрақты кешендер түзуі мүмкін. Сулы ерітіндіде хлордың терт қосылысы түзіледі: HgCl+ , HgC12 , Hg — 3 және HgCl 2 — 4 . Сынап косылыстары биосфераның ең қауіпті ғаламдық ластауыштарына жатады. Химия кәсіпорындары, қағаз және целлюлоза өндірісінің науаларында көп мөлшерде болады. Жыл сайын, тас көмірді жағу нәтижесінде планета атмосферасына 3 мың. тоннаға жуық сынап тасталады. Сынап қосылыстары өсімдіктің 26
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==