Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

Бопулотоксиндер протеомитикалық ферменттердің, қышқылдармен төменгі температураның әсеріне жоғары төзімділігімен сипатталады, дегенмен де тұздармен жоғары температураның әсерінен: 80 градуста 30 минутган кейін, 100 ірадуста 15 минуттан кейін бейакгивтендіріледі. Cl.bobulinum споралар мен токсиндердің вегетативті формаларының сипатталған қасиеттері азық-түлік өнімдерін даярлау технологиясында ескерілуі қажет. Профилактика шаралары: 1. Ауыл шаруашылығы жануарларының тушасының топырақпен, көңмен, сонымен қатар оларды бөлшектеу процесіндегі шектің құрамымен ластануының алдын алу; суық кезде тасу, термиялық өңдеу режимдерін сақгау; 2. Жаңа піскен өсімдік шикізатын пайдалану; алдын ала жуу және жылулық өвдеу; споралардың өсуінің, вегетативті формаларының көбеюінің және токсиндердін алдын алу мақсатында өнімдерді стерилизациялау. 1. 3 Тағам өнімдерінің уытты элементтермен ластануы Уытты элементтермен ластану проблемалары бойынша бірнепіе көзқарастар бар. Олардың біреуіне сәйкес периодтық жүйедегі барлық химиялық элементтер үш топқа бөлінеді: 1) тағамның алмастырылмайтын факторы ретіндегі элементгер (эссенциалды макро- және микроэлементтер); 2) эссенциалды емес немесе тіршілік әрекетіне міндетті емес элементтер; 3) уытты элементгер. Басқа көзқарасқа сэйкес барлық элементтер белгілі мөлшерде тіршілік әрекетіне қажетгі. Адам ағзасына эсер етуі бойынша микроэлементтердің жіктемесі әзірленген: 1) адам және жануардың тамақтануында маңызы бар микроэлементтер, (Со, Сг, Се, Ғ, Ғе, I, Mn, Mo, Ni, Se, Si, V, Zn); 2) токсикологиялық маңызы бар микроэлементтер (As, Be, Cd, Co, Cr, F, Hg, Mn, Mo, Ni, Pb, Pd, Se, Sn, Ti, V, Zn). Айта кету керек, аталған тоғыз элемент скі топқа да жатқызылған. Биологиялық эссенциальды микроэлементтердің тапшылығын, оптималды деңгейін жэне уытты әсерін анықтайтын 25

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==