Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.

өндіріске енгізіп, тұрақты түрде өз деңгейінде ұсталып тұруын қамтамасыз етуі шарт. КО ТР 021/201 1«Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент! бұдан басқа да тамақ өнімдерін дайындаудағы өндіріс процесстерін сумен қамтамасыз етуге байланысты талаптар, тамақ өнімдерін дайындауда пайдаланылатын шикізатқа қойылатын талаптарға байланысты, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесстері жүргізілетін орындар мен ғимаратгарға қойылатыи талаптарға байланысты, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесстерін жүргізуге пайдаланатын құрал- жабдықтар мен саймандарға қатысты талаптар, тамақ өнімдерін өндіруде (дайындауда) өндіріс қалдьіқтарын сақгау мен оны жою жағдайларына қатысты талаптар, тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау (жеткізіп беру), сату, өткізу процесстеріне қойылатын талаптар, тамақ өнімдерін және қалдықтарын зарарсыздандыру процесстеріне қойылатын талаптарын жүйелі түрде жан-жақты қамтиды. Тамақ өнімдері сәйкестігін бағалап, растау осы техникалық регламенттің талаптары мен жекелеген тағам түрлеріне катысты Кеден одағы талаптарына сәйкес төмендегідей түрде орындалады: . тамақ өнімдерін декларациялау жолымен сәйкестігін растау; • арнайы тамақ өнімдерін мемлектгік тіркеуден өткізу; . ветеринарлы-санитарлық сараптамалау. Бұдан басқа • малдан алынған өңделмеген тамақ өнімдері; . арнайы тамақ өнімдері; . сірке қышқылынан басқа Кедендік одақтың аумағында айналымдағы барлық тамақ өнімдері декларациялау жолымен сәйкестігін растауға жатады. Тамақ өнімдерін декларациялау жолымен сәйкестігін растап бекіту осы техникалық регламенттің талаптарына сай, егер регламент бойынша басқа жолы қарастырылмаған болса, өтінім берушінің қалауымен декларациялау сызбаларының біреуі арқылы жүзеге асырылады. Арнайы бөлімде тамақ өнімдерін таңбалау талаптары да келтірілген. 20

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==