Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Жалпылай айтсақ тамақ өнімдеріне төмендегідей қауіпсіздік талаптары қойылады: Кедендік одақтың аумағында айналымдағы тамақ өнімдері белгіленген жарамдылық мерзімі аясында мақсатты пайдаланған жағдайда қауіпсіз болуы шарт. Айналымдағы тамақ өнімдерівде адам өмірі мен жануарларға қатер төндіретін қауіпті инфекциялық, паразитарлық аурулар тудыратын қоздырғыштар, олардың улы токсиндері болмауы қатгы назарда болуы керек. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен оны сақтау шарттарын тамақ өнімін өндіруші өзі анықтап бекітеді. Тамақ өиімдерін орамалайтын материалдар тамақпен жанасатын болса, онда олар орамаларға қатысты Кеден одағы техникалық регламенті талаптарына сай болуы қажет. Тамақ өнімдерін шығаруда пайдаланатын ас қосымшалары, ароматизаторлар мен технологиялық құрал-жабдықтар сәйкесінше Кеден одағы техникалық регламентері талаптарына сай болуы керек. Тамақ өнімдерін шығаруда қолданылатын шикізат құрамында өсімдік, жануарлар және микробтардан алынған ГМО бар болса, ондай шиізагтыц құрамындағы ГМО қоспасы міндетті түрде мсмлекеттік тіркеуден өткен болуы шарт. Нәрстелерге арналған тамақ өнімдерін дайындау (иіығару) арнайы мамандандырылған өндіріс нысандарында не мамандандырылған цехтарда немесе мамандандырылған технологиялық жүйелерде ғана жасалуы керек. Шикідей дайындалған не тез арада мұздатылған асханалық жапырақшаларда, көкөністерде, жеміс-жидектерде гельминт жұмыртқалары мен жай патогендік ішек цисты болмауы қатаң қадағалануы керек. Тамақ өнімін дайындаушылар, сатушылар және де тамақ өнімін дайындаушылар функцияларын орындаушы шетелдіктер оны өндірудің (дайындаудың), сақтау, тасымалдау (жеткізіп беру), сату, өткізуді осы техникалык регламенттің және (немесе) жекелеген тамақ өнімдері Кеден одағы техникалық регламенттері талаптарына сай атқаруы керек. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесстерін атқару кезінде тамақ өнімдерін шығарушы ХАССП (ағылшынша аударымы НАССР - Hazard Analysis and Critical Control Points) тұжырымдамасына негізделген процедураларды өзі дайындап, 19
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==