Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
- өнімді өндіру үшін азық-түлік және шикізаттын тауарлық қорларының, АӨК салаларының материалдық-техникалық ресурстарының болуы сияқты мәліметтерден тұруы тиіс. Қорыта келе, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің қалыптасқан және болжанатын деңгейін жоғарыда келтірілген критерилерге сәйкестігін бағалау үшін, аймақ бойынша, халықтың кәсіби топтарына, жасы және жынысына байланысты жіктелген қажетті параметрлсрді әзірлеу керек. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік іс- шаралардың жүйесі қажет, ол үпіін шаруашылықтың нарық жағдайына бейімделген агроөнеркәсіп кешені салаларының, кәсіпорындарының және шаруашылықгарының ішкі қорларын (резервтерін) қолдану қажет. Халықтың салауатты тамақгануы, тагам өнімдерінің айналымы және өндірісі саласындағы шаруашылық субъектілерінің адал қызметі, тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету, сапасыз және қауіпті тағам өнімдерінен азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекегтік саясаттың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің негізінде Кедендік одақ комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №880 шешімімен бекітілген. КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» тамақ өнімдеріне қатысты техникалық регламенттің жалпылай алғандағы негізгі талаптарын қарап көрсек. КО ТР 021/201 1«Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттің қамтитын ауқымы біршама, олар: . техникалық реттеу нысандары; . қауіпсіздік талаптары, оның ішінде техникалық реттеу нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық және ветеринарлық талаптар; . техникалық реттеу нысандарын бірдейлендіру бойынша ережелер; • техникалық реттеу нысавдарының осы техникалық регламенттің талаптарыиа сәйкестігін растап бекітудің түрлері мен процедуралары . КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қолданған кезде тамақ өнімдерін таңбалау бойынша қойылатын, орамаларға койылатын, тамақ өнімдерін шығару процессінде дайын тамақ онімцерімен жанасатын тамақ 17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==