Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы билік органдары: - аймақтың өзіндік жағдайын есепке ала отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізеді; - азық-түлік қауіпсіздігінің мақсатты аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын қаржыландырады; - Қазақстан Республикасы субъектілерінің аумағында азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік оргавдармен қызметтердің әрекетін үйлестіреді. Халық азық-түлікті бекітілген деңгейден төмен тұтынса және төтенше азық-түлік жағдайы пайда болса, атқарушы биліктің тиісті мемлекеттік органдары ауылшаруашылық өнімдері мен азыкдүлік өндірісін ұлғайіу бойынша арнайы іс-шаралардың жүйесін енгізеді, сонымен қатар тагам өнімдерін нормамен тарату сияқгы азық- түлікпен қамтамасыз етудің срекше тәртібін уақытша енгізуі мүмкін. Елде және аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын бақылау үшін міндетгі түрде мониторинг жүйесін әзірлеп, көрсегкіштер тізімін, ақпаратты жинау, өвдеу және талдау тәртібін бекіту қажет. Мониторинг: - ел және аймақ халқының ғылыми негізделген нормалармен салыстырғандағы азық-түлікті тұтыну деңгейі; - АӨК салалары және импоргтың азық-түлік және ондірісгік ресурстарының негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету қатынасы; - азық-түлікті түтыну деңгейі бойынша аймақтар және халықгың әлеуметтік топтарын ажырату деңгейлері; - агроөнеркәсіптік кешен және ауылшаруашылық кешенінің өндірістік потенциалының жағдайы (топырақтың құнарлығы, гехниканың, жабдықтың, өндірістік ғимараітардың, мал басының болуы және оның жағдайы және т.б.); - бағаның — ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдері, АӨК кәсіпорындарына берілетін мемлекеттік қолдау деңгейіне қатынасы; - азық-түлік нарығының дамуы және нарықтың халықгың азық- түлікпен қамтамасыз етуіне эсер етуі; 16
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==