Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
ұтымды жағдайға келтіріп, отандық тауар ондірушілерге қатысты халықаралык сауда тәжірибесінде қабылданған қорғаныс шараларын қолдану қажет. Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатудың басты мәселесі азық-түлік өндірісін тұрақтандыру, оның өсімін жаңарту, нарықтың сұранысына сәйкес оның құрылымын өзгерту, АӨК өнімдерінің сапасын жоғарылату болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін өзара байланысқан ұйымдастыру — экономикалық және әлеуметтік шаралар кешенін кезегімен іске асыру қажет. Өзара пайдалы сыртқы экономикалық ынтымақтастық және өндірістің халықаралық кооперациясымен байланысқан кеңейтілген ұдайы өндіріс тәртібінде, бірінші кезекте, агроөнеркәсіптік кешеннің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасьіз ету қажет. Мемлекет, отандық азық-түлік нарығының әдеттегі және төтенше жағдайда қалыпты қызмет етуіне кепіл болу үшін, азық- түлік және ауылшаруашылық шикізаты өндірісін, сатылуын және қолдануын реттеуі тиіс. Бүл үшін өндіріс жүйесінде, әсіресе, азық- түлік және ауылшаруашылық шикізатын сату жүйесінде қылмысты болдырмайтын күқықтық және ұйымдастырушы-экономикалық жағдай күру қажет. Азық-түлік кауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі мемлекет заңдарымен, Президент жарлықтары және үйғарымдарымен, Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің шешімдерімен бекітіледі. Осылардың негізінде және аймақтық заң шығаратын актілерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі: - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біріңғай мемлекетгік саясат жүргізуді; - мақсатқа бағытталған мемлекепік азық-түлік бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды; - мемлекеттің азық-түлік қорын басқаруды, оның сақталуын, өз орнымен қолданылуын және өз уақытында жаңаруын қамтамасыз етуді; - халықты негізгі тағам өнімдерімен жабдықтауға байланысты мәліметтерді әзірлеуде, жинауды және талдауды үйымдастыруды, азық-түлік қауіпсіздігі саласында жағдайдың дамуын болжамдап бағалауды жүзеге асырады. 15
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==