Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
Азаматтар тамақтануының минималды рұқсат етілетін деңгейі ретінде тұтыну нормасы қабылданады, ол тағам өнімдсрінің саны және ассортимент!, қүрамындағы қоректік заттары мен энергетикалық жеткіліктілігі бойынша минималды тұтыну кәрзеңкесін есептегенде шығады. Азық-түлікті тұтыну қауіпсіздігін сипаттайтын параметрге тағам өнімдеріндегі денсаулыққа зиянды заттардың шекті рұқсат стілетін мөлшері жатады. Адамдардың тағамдық заттар және энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруды шешу міндеті - тұтынушылар үшін тағам өнімдерінің қажетті мөлшерін және ассортиментінің физикалық және экономикалық қолжетімді болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Физикалық қолжетімді болуы — адамның төлеуге қабілетті сұранысына сәйкес (тұтыну орнына) көлемі және ассортимент! бойынша азық-түліктің үздіксіз келіп зүсуін болжайды. Экономикалык қолжетімді болуы - халықтың түрлі топтарының тағам өнімдерін қалыптасқан баға бойынша, қажетті мөлшерде және ассортиментге сатып алу мүмкіндігі және арнайы тұтынушыларға азық-түлікті тарату үшін мемлекет тарапынан қаржы бөліну мүмкіндігі. Елдер және аймақтардың азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін олар өзін-езі қамтамасыз етуі (азық-түлік тәуелсіздігі) қажетті шарт болып саналады, яғни ішкі өндіріс есебінен халықтың тагам өнімдеріне деген басты қажеттілігін қанағатгандыруы тиіс. Өмірлік маңызы бар бұл функцияны агроонеркәсіп кешені орындайды. Ел тұтынатын отандық және сырттан келетін азық-түліктің жалпы үлес салмағы мен жекелеген басты (приоритетгі) өнім түрлері бойынша осы қүрамдас бөліктердің арақатынасы - азық- түлік қауіпсіздігінің маңызды параметр! болып табылады. Егер анагүрлым маңызды тагам өнімдері бойынша отандық өндірістің үлес салмағы 12 ай бойы тұтыну мерзімінде жалпы тагам өнімдері көлемінің 80%-нан кем болмаса Қазақсган Республикасының азық-түлік тәуелсіздігін жеткілікті деп есептеуге болады. Маңызды азық-түлік тауарларындағы импорттың рүқсат етілетін үлесін Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімдердің мүмкіндігіне байланысты келістіру қажет. Сыртқы сауда қүрылымымен азық-түлік және ауылшаруашылық шикізатын 14
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==