Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі: оқу құралы / Б. Т. Тнымбаева, А. Б. Тоқтамысова.
1.1 Қазақсганныц тагам қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерилері Қазақстан Республикасының және оның аймақтарының тағам қауіпсіздігі - халықтың қалыпты тіршілік етуін қамтамасьгз етуге мүмкіндік беретін деңгейде, азық-түлікке деген қажеттілікгі қанағаттандыруға кепілдік беретін мемлскеттің қабілеті ретінде қарастырылады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерилеріне: - халыктың қоректі заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі, адам денсаулығына қауіпті тағам өнімдеріндегі заттарды ең төменгі деңгейге түсіріп, адам тамағыньщ рационына сәйкестендіру; - тағам өнімдерінің физикалық және экономикалық тұрғыдан халықтыд түрлі топтарына қолжетімді болуы, Қазақстанның азықтүлік нарьіғында бағаның тұрақты болуы; - азаматгарды тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді тәуелсіз ету деңгейі және аіроөнеркәсіптік кешенді ресурспен қамтамасыз ету арқылы шетелден сатып алынатын тауарлардан тәуелсіз ету деңгейі; - отандық агроөнеркәсіптік кешен салаларының даму деңгейі жэне қарқыны, олардың кеңейтілген түрде ұдайы өндірілуін қамтамасыз ету мүмкіндіктері; - мемлекеттің стратегиялық азық-түлік қорларының және жеделдетілген (оперативті) азық-түлік қорларының өлшемдері жатады. ¥лт денсаулығын сақтау және нығайту үшін аймақгардың құрылымымен келісілген, табиғи және экономикалық жағдайларды, демографиялық ерекшеліктерді, еңбек қызметінің түрлерін және ұлттық дәстүрлерін ескере отырып, толық құнды тағаммен қамтамасыз ету қажет. Адам ағзасының қоректік компоненттерге және энергияға деген физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, бір уақытта тағам өнімдері ауруды алдын алу және емдік қызмет атқаруы тиіс. Экстремалды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар, балалар, кәрі жастағы адамдар және созылмалы аурумен ауыратын наукастардың тиімді тамақі ануын срекше назарға алу қажет. 13
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==