Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

11-ТАРАУ 488 әмбебап дүкендер, ұлттық және мемлекеттік сервистік топтар, қауіпсіздік кеңестері және қайырымдылық компаниялары, коммуналдық компаниялар, фермерлік ұйымдар, діни ұйымдар, мемлекеттік агенттіктер, білім беру институтары мен ұйымдары, тағы басқа корпоративтік бизнес пен өндіріс орындары. Бұлардан бөлек мынадай позициялар болуы мүмкін: ■ ■ Өз жарнама берушілеріне мәтін дайындайтын радиостанциялардағы жарнамашылар; ■ ■ промо-роликтер және станцияның ID-ін жазатын радио дижейлері мен бағдарлама директорлары; ■ ■ алуан түрлі сценарий жазуы мүмкін фрилансер продюсерлер мен студия қызметкері. Осы кітапта сөз етілгендей, конвергенция медиа сценарисі үшін тың әрі бәрін бірдей тегіс қамти алатын ойын алаңы – интернетті құрып берді. Cценаристер қаптаған медиа формаларының қолайына қарай, жаза білуі ке- рек. Көбірек меңгерген сайын, қызметтегі мүмкіндіктерге жол ашыла береді. Станциялардағы, корпоративтік ұйымдар мен басқа компаниялардағы штат- та қызмет ететін сценаристердің айлықтары тұрақты болғанымен, сценаристер- дің басым көпшілігі фрилансерлік негізде жұмыс істейді. Олар әр сценарийді тапсырыспен жазады. Америка Жазушылар гильдиясы ұсынған келісімшарт талаптарын ұстанатындарға орнатылған минималды компенсация стандартта- рына сәйкес, әр сценарийдің бағасын медиа, продюсер немесе корпоративтік ұйыммен келіседі. Көбінесе сценарист жалғыз өзі жұмыс істейді, кейде продюсер оны сценарис- тер тобына қосып қояды. Басқа жағдайда, фрилансер немесе штаттағы қаламгер сценарийдің алғашқы нұсқасы біткен соң, басқа біреуге иінін қандыру үшін та- бысталғанын байқайды. Фрустрация (көңіл қалу) мен әділетсіздікке дайын болыңыз. Визуал және ау- дио саладағы кез келген маман секілді қарабайыр жұмысты істеуге дайын бо- луыңыз қажет, әдетте мұндай қызмет шағын нарықтағы немесе корпоративтік топтағы кіші лауазым есебінде ұсынылады. Түрлі электронды медиа мен баспасөздегі сценаристер нарығына үздіксіз тал- дау жасайтын «Жазушылар жинағы» (Writer’s Digest) эфирлік (және кабельдік) мүмкіндіктерді саралады: Жергілікті станциялар мен желілердегі мүмкіндіктер қатарына жаңалықтар жазу, хабар жазу, жарнама мен промо-ролик жазу, сценарий және арнайы очерк жазу кіреді. Жаңалық сценаристері мен редакторлар жергілікті ақпаратты жинап, оған қоса телеграфтық агенттіктерден сюжеттерді іріктеп алады, сондай-ақ жергілікті аудиторияға бейімдеу үшін жинап-тергенін өңдеп, қайта жазып шығады. Жергілікті жаңалықтарды жариялап, оператормен бірге сұхбат жазып жүрген журналистер репортер ретінде де қызмет ете алады. Хабар авторлары жарнама агенттігі жоқ демеушілерге жарнама роликтерін әзірлейді, станцияларға жарнамалық және бұқаралық сервис хабарлама дайындайды, сонымен қатар ара-тұра бағдарламалық материалдар жазып тұрады. Оқиғаның мән-мағынасын қарапайым, анық тілмен жеткізуге жаңалық және хабар сценаристерінің қабілеті молынан жетеді. Сценарийдің басым көпшілігі келісімшарт немесе фрилансерлік негізде жазылады, дегенмен штатта істейтін сценаристер де баршылық. Жазуға арқау

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==