Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

487 Кәсіби мүмкіндіктер Мұны кәсіби сценаристің үнемі немесе алдағы уақытта жасауға рұқсаты тура- лы әңгіме бөлек. Universal Studios -тағы басшылық қызметінде кино мен телевизия- ға сценарийлер, кешендер мен мүліктер табуға жауапты болған Барбара Дуглас сценаристің хабар таратудың жарнамалық талап-тілектерінен көңілі қалғанды- ғын айтады, алайда үлкен компаниялардың шамасы жететін балама сценарий- лер жазуға қабілетті жасампаз, талантты адамдардан үмітті екендігін жеткізді. Бұған қоса, өзінің Media Report to Women репортажында тұтастықтың компромисс аумағында сақталуы мүмкін, мұндағы сценарий үлкен табысқа кенелмегенімен, бұқаралық коммерциялық құндылыққа ие екендігі туралы жазады. «Бұл сапа- ның айтарлықтай тар аумағы. Бұған болашағынан зор үміт күттіретін жастары- мыз ден қойса екен деймін. Тездетіп пұл табудың жосығына айналмаса игі, әлде сценарий бойынша бесінші бетке жеткенше дегбірі қашпаса, студиядағы адам- дар бұқаралық санадағы мекеннен аулақ кетпесе екен». Сценарист, продюсер, теле-радио оқытушысы Барбара Аллен хабар тарату- шы медиада табысқа кенелетіндей сценарий жазғысы келетіндерге бірқатар тү- сініктерді ұсынды. Оның пікірінше: ■ ■ шамдай жарық, айдай анық идея тудыру үшін жеткілікті деңгейде жасампаз болу; ■ ■ сіз орнатқан тәртіпті өзгелер «іліп алып» кететіндей болсын; ■ ■ жұп-жұмыр өндірістік сценарийді қағаз бетіне түсіру үшін мейлінше жинақы болу; ■ ■ соңғыминуттардағытүзетулерге бейімболуүшінжеткілікті деңгейде құрылымсыз қалыпты ұстану; ■ ■ кез келген тақырыпты індете зерттеуге қабілетті болу үшін мейлінше тыңғылықты дайын болу; ■ ■ сол тақырыпты бір сағаттық деректі фильм етіп немесе 30 секундтық роликке сыйғызу үшін жеткілікті деңгейде икемді болу; ■ ■ көрсетілген бағасы бойынша дайындауға келетін сценарий жазу үшін жеткілікті деңгейде қиялмен қарулану; ■ ■ сценарийді ұсынылған қаражаттың жартысына екінші жоспар құра алатындай пысық болуыңыз қажет. ■ ■ P.S. Орфография, тыныс белгілері және теру жұмысының жеткілікті деңгейде айна-қатесіз болғаны да кәдеңізге жарайды. ■ ■ Теле-радио үшін жазуға машықтанғандар қайда жұмыс істей алады? Аллен оларды мынадай категорияларға бөлді: ■■ желілік радио : жаңалықтар, редакциялық хабарлар, очерктер; ■■ желілік телевизия : телехикая, ойын шоулары, викториналар үшін трюктер, комедия жазу, бағдарлама алдындағы сұхбат, зерттеу, балаларға арналған бағдарлама, сериялар жазу, жаңалықтар, жарнама, сценарий жазу – барлық бағдарлама жанрлары мен форматтары; ■■ жергілікті радио мен телевизия : жаңалықтар, жарнама, сценарий, деректі фильмдер, арнайы бағдарламалар; ■■ аралас-құралас салалар : кабелдік жүйелер, тәуелсіз фильм өндірісі және синдикаттық компаниялар, жарнама агенттіктері, фриланс жарнама роликтері,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==