Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 482 4. Көркем дизайн. Сайтта тінтуір оңай жылжитындай болсын, істен шық- қан сілтемелер немесе суреттердің көзін құрту керек. 5. Өзіндік жолы бар әрі бірыңғай сапа, басқа сайттардан ерекшелей түседі. Нью-Йорктегі Cypher Films компаниясы жылдар бойы интернетке арналған қысқаметражды фильмдер дайындаумен айналысып келеді. Атқарушы дирек- тор, сценарист-продюсер Франклин Стрейкен онлайн жазушыларға бірнеше ақыл-кеңес айтып, онлайн дистрибуция үшін жазу және түсірілім жасау басқа медиа түрлерінен өзгеше екендігін атап өтті, себебі – сіздің еншіңіздегі уақыт та шектеулі, эфир де шектеулі. Мұнда оқиғаны жеткізу үшін де уақыт аз әрі экранға кескінді қою үшін де кеңістік шамалы. Сіздің ойлануға шамаңыз келмесе де тез- тез орындауыңыз қажет», – дейді. Бір минуттық немесе бір сағаттық презентация құру кезінде, Стрейкен авторды үлкен маңызға ие сезімдер мен идеялар ұсыну- шы құштарлыққа арналған концепция екендігіне көз жеткізуге сенімді болуға шақырады. Онымен қоса, ол тек нобай құрып қана қоймай, кейіпкерлердің түрі мен қандай киім кигендері туралы түсінікпен қамтамасыз ететін кадрға бөлу тә- сілін жасау керектігін де атап өтті. Сонымен қатар Стрейкен хронометражды да есте сақтау керектігін айтады. «Шиеленіс қосқыңыз келген онлайн-видео, сахна небәрі он секундқа жалғасуы мүмкін, бірақ басқа сахналарды бес секундқа сый- ғызу керек, құқайдың көкесін сонда көресіз». Одан бөлек «интернет видеоларды әдеттегіден тыс жарқын қалыпта тарату керек және оқиғаларды тым қысқа уа- қытта жеткізуі керек. Сайып келгенде, сіз туындыңызды өте кішкене экран мен компьютер үнқорабы үшін жасайсыз», – дейді. Стрейкен жанды видеолар, сөз- бен жеткізе алмайтын оқиғаларды түсірер кездің өзінде де, «кездейсоқ сурет тү- сіретін туристердің» видеосынан ажырата білу үшін баяндау тәсілін қолданған маңызды екендігін айтады. Интернет те өз шектеулерін қояды. Компьютер, iPhone немесе iPad экранының көлемі суретті көрерменге жеткізуде едәуір айырмашылық байқатады. Үлкен пейзаж бен ауқымдышараның көлемі көрінбейді, сәйкесінше, әсері де аз болады. Тәжірибе интимдік сипатқа ауысып, әрі оның әсері де азая бастайды. Сонымен қатар шектеулі көлем кез келген уақытта көрерменге ұсынуға болатын ақпарат көлемін де шектеп тастайды. Киноэкран немесе телевизиялық мониторда тұрған заттар артқы фонға тығылуы мүмкін. Суреттің сапасын жақсарту үшін, суреттегі қажет емес детальдарды қысқарт- қан жөн. Артқы фонды қарапайым күйде сақтап, тек жарықты қолдану тәсілі суретті тығыздау ісін жеңілдетеді. Ауқымды әрекет эпизоды болса, ұсақ-түйек детальдар арқылы астарлап жететін болса, онда декорация дизайнын құртып аласыз. Интернеттің «қолы» күллі әлемге жететіндіктен, хай-концепт жобалар күр- делі баяндауға негізделген, мығым ұлттық және мәдени сілтемесі, байланысы бар жобаларға қарағанда үздік саналады. Негізі қарабайыр сюжет және өрбіту арқылы жүргізілетін, сондай-ақ түрлі тіл мен мәдениеттерге оңай аударылатын «хай-концепт» фильмдердің аудиториясы жетіп артылады. Жаһандық ауди- торияны жаулаудың маркетингтік әлеуеті интернетті мерчандайзинг, сиквелл және спин-оффтың отауына айналдырып жібереді. Интернеттің басқа медиадан бір артықшылығы – интеракшн әлеуеті. Инте- рактивті сценарий жазу дәстүрлі сценарийді құрастыруға қарағанда, әлдеқайда көп жұмысты талап етеді. Алдымен аудиторияға өз таңдауын жасап, өз шытыр- ман оқиғасын «құрастыруға» жағдай туғызу үшін, автор оқиғаның ішкі логика- сы мен кейіпкердің өрбуіне «адал» болатын бір немесе бірнеше резолюцияларға
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==