Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
481 Қойылым гендей, пьесаны туғызатын кейіпкер. Кез келген кейіпкер өзінің сөйлеу ыңғайына және қолайына жағатын әрекетті ғана жасайды. Өмір де, адам да біржақты емес, сәйкесінше, мұнда қаптаған таңдаулар бар- шылық. Аудиторияның әрбір жеке мүшесі мен автор өзі ойлап тапқан кейіпкер- лер мен тұлғалар арасында жанашырлық сезімін құрастырып, автор көрерменге кез келген кейіпкермен жақындастыратын параметрлерді таңдап-ұсынуы керек. Мұны, тіпті пьесадағы сюжеттік желі өзгертілсе де жасау керек, себебі сапалы жазылған пьесада кейіпкер әрекет пен шиеленісті анықтайды. Сол себепті автор пьесадағы үдемелі әрекет бойынша әрі қарай жалғастыру үшін экспозицияның бірқатар мүмкіндіктері мен көптеген сюжеттік шиеленістерді ұсынуға тиіс, тіпті шарықтау шегі мен соңындағы таңдаулар, соның ішінде түрлі резолюцияларды да ұсынуға тиіс. Көрермен мұндайда ойға батуы мүмкін және ол басқа медиадан гөрі, интернет презентациясының бөлігі атануы мүмкін. Автор байланыстыру- шы параметр көлеміне қарамастан, кейіпкерлер мен диалог реттілігі кез келген сілтемедегі, бүйірлік панельдегі немесе таңдаулардағы кез келген комбинацияға ілесіп отыратындығына сенімді болсын. Пьесаңызда ерлі-зайыпты кейіпкерлердің еңбек демалысына қатысты даула- сып жатқандығы туралы қойылым бар делік. Бөлмеде фотоальбом жатыр. Ең- бек демалысының қайда өткендігін білдірту үшін күйеуі де, әйелі де альбомды алып көрсетіп, қателесуге тәуекелге барғысы келмесе де, автор ол екеуі даула- сып жатқанда альбомды жақыннан көрсетіп, әрі аудиторияға альбомның қасына барып компьютер тінтуірін түрту арқылы оны автоматты түрде ашуға жағдай жасай алады. Сонымен қатар аудиторияға (қалаған жағдайда) еңбек демалысы өткен жерге қатысты орынға бола дауласуда кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екен- дігін анықтау мүмкіндігін ұсына алады. Мұндағы аргумент тіпті сол еңбек де- малысында екеуінің қандай биге билегендігіне де негізделуі мүмкін, сәйкесінше, автордың аудиторияға олардың қонақ бөлмесінде тұрған музыкалық сандықша- ның ішіндегі CD-ді түртіп және белгілі бір музыканы тыңдауға мүмкіндік ұсы- нуына болады. Басқа мысалды алайық: әйелі мен күйеуі Кениядағы Масаи-Мара қорығына аң аулайтын алқаптарға жасаған сапарын сағына еске алып отырады; көрерменнің де интерактивті фильмнің белгісін басып, әлгі жұп секілді тура сол жерге сапар жасап қайту мүмкіндігі бар. Бұл тек виртуалды саяхат болса да, олар сол сафаридың жолдарымен жүріп өте алады. Аудиторияға автор ретінде виртуалды шынайылықтың небір түрін ұсына алатыныңызды елестетіп көріңіз, осылайша көрерменге сан алуан нұсқа мен тәжірибені зерттеуге жағдай жасап бересіз, тіпті сын садағына ілігуіңіз да ғажап емес! Episodic Review онлайн журналы «интернетке негізделген ойын-сауыққа», яғни интернет телехикаясы, комедия, драмалық сериялар, новеллалар, интернет мультфильмі мен онлайн журналдарға мынадай талаптар ұсынды: 1. Өте сапалы сценарий жазу. 2. Грамматикалық және орфографиялық қателерді мейлінше сауатты түзе- ту. 3. Ортақ болсын; арнайы эффектілер, толықтырулар немесе басқа техноло- гиялардан бөлек сайт күллі браузерге ашық болуға тиіс. Мысалы, сайтты тек Netscape 6.0 қолданушылары Flash-пен немесе жоғары жылдамдықта- ғы трафикпен ғана аша алатын болса, бұл оның тым шектелгендігін біл- діреді.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==