Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 480 тайды және нәтижесінде тәп-тәуір телевизия хабарын дайындап шыға алады», – деген жақсы лебіз білдірді. Үндістердің Білім беру саласындағы құқық қорғаушылар тобының директоры және теле-радио бағдарламалар продюсері Лоррейн Мисиашек көпшіліктің тіл мен терминологияның стереотип тасымалдаушылары ретінде қарастырылатын- дығына өз қынжылысын білдірді. «Сценарий жазумен айналысатын кез келген адам осы мәселені бір кісідей білуі керек. Мұның әдейі жасалуы міндетті емес, алайда бұл жағдай дүйім жұртты Американың байырғы тұрғындарын стерео- типтерге қатыстырып айтуға итермелеуі мүмкін біздің қоғамдағы ортақ шарт- тың себебінен туындап отыр», – дейді. Американың байырғы тұрғындарына ба- ғытталған бағдарламалар авторы әрі продюсері Томас Кроуфорд: «Американың ежелгі тұрғындарына қатысты бағдарламаларға сценарий жазу кезінде, ең әуелі, үнді қоғамының идиомалары, ойларын жеткізу үлгілері, ойлау амалдары және сөздерінің айтылуымен танысып алған абзал», – деген еді. Chinese Affirmative Action Media Committee -дегі апта сайын шығатын радиобағдарламаның продюсері Расс Лоудың айтуынша, әдетте эфирде берілмейтін Қытай-Америка қатынасының перспективалары мен көзқарастарын мұқият түсініп алу қажет-ақ. Детройтта «Латино жобасы» ( Project Latino ) серияларына продюсерлік еткен Доктор Пальма Мартинес-Кнолль «көп сценаристер түсініспеушілік себебінен біржақты немесе тәкаппар келеді. Латын Америкасы тұрғындарын сипаттап не олардан кейіпкер сомдап жатсаңыз, оларды шетқақпай қылмай қоғамның бір бөлшегі ретінде бей- нелеңіз», – дейді. Бұған қоса сценаристерді Латын Америкасы мәдениетінің өкіл- дерін қоғамның құрамдас бөліктері саналатын жауапты тұлға ретінде көрсетуге шақырды. Тіпті бұрыннан оң қабақ танытылатын ақнәсілді топтың өзі түрлі стереотип- терге арқау болып жүр. Телевизиялық драмаларда тектері «а» немесе «о» әріпі- не аяқталатын қаншама баукеспе кейіпкерді байқадыңыз? Жаңа иммигранттық топтар негізгі нысанға алынды, ал Оңтүстік-шығыс Азия тұрғындары есірткі са- тушылар ретінде таңылып қалған телевизиялық стереотип ретінде қаранәсілді топ пен латынамерикалықтың қатарын толықтырды. 2001 жылдың 11 қыркү- йегіндегі болған жантүршігерлік оқиғадан соң, жер бетіндегі жалпақ жұрттың түгелі дерлік Америкадағы арабтар мен америкалық мұсылмандарға террорист ретінде қарайтынды шығарды. Алайда одан да сорақы террорлық әрекет Окла- хома-Ситидегі Мурра әкімшілік ғимаратында ақнәсілді америкалық христиан- дармен жасалған болатын. Кәрілігі жеткен және ақыл-есі кем немесе кемтар топ- тар медиа шеңберінде басты назарға емес, керісінше, стереотипке ілініп жүрген басқа азшылық топ өкілдері қатарына жатады. Сценаристің басты шаруасы – адамдардың қажетіне жарау, суреттелетін кейіпкерге немесе топқа қарайласу, жанашырлық таныту. ИНТЕРНЕТКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК Интернетте ұсынылған пьеса (драма, ситком, телехикая, мейлі, басқа драма- лық жанр болсын) контентіндегі сілтемелердің ұғынықты жетуі, материалмен жақыннан таныса түсуге ерекше мүмкіндік жасайды. Телевизиядағы материал- дың басым бөлігі және көркем фильмдердегі материалдың түгелі дерлік пьеса форматында ұсынылады. Аудиторияның жеке мүддесіне және пьесадағы кейіп- керлердің мінез-кескіндеріне байланысты, шынайы өмірдегі аудиторияның кез келген жағдайда таңдау құқығы көптеу. Аталмыш тараудың басында сөз етіл-

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==