Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
479 Қойылым Қиял – балалар бағдарламасы авторының басты қаруы. Кейбір жарнама беру- шілер, продюсерлер және қаламгерлер балалар нендей нәрсеге болмасын сене береді деп ойласа керек. Ақиқатында, бала қиялының өткірлігі соншалық – олар кейде сыни пікір айтудан ересектерден асып түседі. Бала шындыққа жанасатын әрі көз көріп, көңіл сенетін фантазияға сенеді. Егер кейіпкерлер, ситуациялар және қоршаған орта кейіпкерлердің мотивациясы логикаға сәйкес орналасты- рылса, ендігі оқиғалар мен әрекеттер қабылданатын болады. Мұнда бағдарлама- ны тамашалайтын баламен санасудан артық ештеңе жоқ. Балалар бағдарламасына сценарий жазудың тәсілдері мен әдістері туралы 9-тараудан оқыңыз. Әйел Телевизия мен радио саласында әйелдердің жағымсыз сипаттары туралы бағ- дарлама жетіп артылады. Жарнама роликтері, драмалар және ситкомдарда әйел кейіпкерлері үнемі біліксіз не өктемшіл топ ретінде стереотиптеледі. Сенбі күні таңмен көрсетілетін мультфильмдерді зерттеу дерегіне сүйенсек, тіпті балаларға арналған бағдарламаның өзінде басты кейіпкердің рөлін сомдайтын әйел жоқ- тың қасы, бар болса да, олардың басым көпшілігі ерлерге қолдау білдіру мақса- тында қолданылады екен. Әйелдер әдетте жалдаушы немесе бағынушы кейіпте, ер кейіпкерлердің бастамасымен орын алған жағымсыз әрекеттердің құрбаны ретінде сипатталады. Тіпті әйел басты кейіпкер рөлін сомдаған күннің өзінде де, ақыр соңында, күрмеуін тек ер адам шеше алатын мәселемен қақтығысып қала- тын қалыпта бейнеленеді. Дей тұрғанмен, соңғы жылдары ересек әйелдерді таныстыру тәсілі айтарлық- тай өзгеріске ұшырады, мұнда феминистік қозғалыс пен «Әйелдер істері жөнін- дегі ұлттық ұйым» секілді ұйымдардың атқарған жұмыстарының ықпалы бай- қалады. Әйел кейіпкерлер телевизияда уақыт өте келе беделді салалардағы (со- ның ішінде үкімет көшбасшылары мен судьялар) өз істерінің мамандары ретінде және бұрындары ерлерге ғана тән деп қарастырылып келген басқа да рөлдерде (соның ішінде дәрігерлер мен полиция қызметкерлері) ұсынылып жүр. Телеви- зия авторлары қыз-келіншектерге карьера құруға үлкен ықпалын тигізетін жаңа рөл модельдерін ұсынды. Нәсілдік және этностық стереотип Нәсілдік және этностық азшылық топтың медиа шеңберінде кезігетін негізгі мәселелері әйелдердің кәдімгі өмірдегі рөлдеріне ұқсас келеді: мұнда да беделін түсіру, тықсыру немесе өтірік жанашырлық таныту не тәкаппар кейіпте қатына- су бар. Мұндай қатынастың саналы нәсілшілдіктен орын алуы сирек жайт, бірақ тасбауырлықтан туындайтыны рас. Сипатталған топтың мүшесі болмасаңыз, қо- ғамдағы бұл топ мүшелерінің ерекше тәжірибелерін түсіну сізге қиын соғары анық. Жазушы Дональд Богл: «Қос сананы алға қойып, телевизия индустриясы өз- өзін қорғаштайды... ол қаранәсілді қоғамға сайма-сай мәселелерді алады да бұр- малайды», – деп жазды. Washington Post сыншысыЖоэл Дрейфусс қаранәсілді от- басы туралы жаңа телехикаяға шолу жасап: «Продюсер бағдарлама соңында жа- зуына қандай да бір «қара» үлес қосса, ол жөнсіздіктің жиегінен бойын аулақ ұс-
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==