Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 478 идеяларды, институттарды және заманауи кейіпкерлерді мысқылдай алатыны соншалық – кәдімгі драмалар мен ситкомдардың мұндайға шамасы жетпей жа- тады. Анимациялық бағдарламадағы сатиралық шоктың шегі, ақыр аяғында, мұ- ның шынайы емес мультфильм екендігін білдіртетін айтылмай қалған түсінікте- рімен мұқалады, ал шынайы адам қатысатын бағдарламада адамдардың мұндай сатирасы мен институттар олардың өздеріне, кейіпкерлеріне немесе идеологияға жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. «Оңтүстік саябағы» (South Park) мульт- фильмі адамға ерсі көрінетін ересектерге тән идеяларды ұсынады. Анимация болсын не шынайы болсын, жақсы сатира кейіпкер мен олардың уәждеріндегі реттілікті талап етеді. Сапалы қойылымжазудың қағидаларын (кей- іпкер, сюжет, диалог, экспозиция, дайындық және декорациялармен байланыс- ты) ересектерге арналған анимациялық мультфильм және ересектерге арналған драма немесе ситком жазуға да қатысты қолдануға болады. Мысалы, «Симпсон- дар» (The Simpsons) мультфильмі шындыққа жанасатын дүниелерді ұсынуда ани- мация қалыбында таратылмайтын драмадан асып кетпесе кем түспейді, мұнда кейіпкерлер өздері және аудитория араларында жанашырлық оятып, шынайы өмірдегі жұмысшы таптарының отбасыларын сипаттады. Чарльз Макграт New York Times Magazine -ге жазған «Басты новелла триумфы» ( The Triumph of the Prime Novel ) атты мақаласында: «Бәрінен бұрын шындыққа негізделген телевизиялық отбасы деп... Гомер, Марж және банданы айтуға болады...», – деп жазды. ТАР ТҮСІНІК Бұған дейінгі тарауларда сөз етілгендей, автор белгілі бір аудиторияның бағ- дарларын ескеруі қажет. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА Телевизияда балаларға арналған бағдарламалардың негізгі үш түрі басым- дыққа ие. Олар – білім беру бағдарламалары, салмақты драма және ересектер- ге, сонымен қатар интеллектуалдық контенті бар ситкомдардың баламасы, сенбі күні таңертең көрсетілетін балаларға арналған мультфильмдер. Бұл бөлімде тек қойылым түрінде ұсынылатын бағдарламалар, соның ішінде мультфильмдерді қарастырады. Сенбі күні таратылатын балалар бағдарламалары зұлымдық пен өнімнің жарнамасына ден қойып, белгілі бір дәрежеде балаларды үнемі қанау сипатында болатын. Кейбір балалар шоуы сценарийдің контентін тек өніммен толтырып, бағдарламалық жарнама роликтеріне айналды. Балаларға арнап пьеса жазуға бел шеше кіріскен болсаңыз, 1-тарауда талқы- ланған этикалық дилеммамен жолай кезігіп қалуыңыз әбден мүмкін. Әрине, ар-ұятыңыз балаларға психологиялық тұрғыда залал тигізетін бағдарлама жа- самауға итермелеуі мүмкін, алайда чек кітапшаңыз сізге жалдау ақысын төлеу үшін қаражат керектігін еске салып, арандатып тұр. Дей тұрғанмен, автордың, ең алдымен, бағдарламаның кішкентай көрерменінің әлсіз сана-сезіміне тигізер ықпалы туралы ойлайтындығына сенгісі келеді. Тіпті аңдаусыз көрсетілген зұ- лымдық пен соқыр нанымға жол жоқ . Егер сізді ар-ұятыңыз мазалап, өзегіңізді өртеп бара жатса, балаларға зардабы тиюі мүмкін сценарий тритментін жазбас бұрын, балаларға қатысы бар мамандар және қорғаушылармен ақылдасып, бас- қа бағдарлама жүгін көтеретін идеяларды қарастырып көріңіз.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==