Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
477 Қойылым Бірінші тәсілге қатысты үрдіс – жазушы өзі құрастыратын түпнұсқасында жол таппай жаңылғанда, шығармашылық шабыты таусылғанда, бейімдеп жат- қан материалды өзі емексіген биігіне жету үшін қолданады. Егер Шекспир секіл- ді кемеңгер болса, оның көздеген биігі әлдеқайда биік болуы мүмкін. Ал егер кемеңгерліктен жұрдай не өзі бейімдеп жатқан жазушы секілді дарынсыздау болса, оның адаптациясы жоғарыға көтерілгеннің орнына, өзі бейімдеп жатқан материалдың деңгейінен де төмен тереңдікке құлдырауы мүмкін. Өз жанынан құрастыруға қабілеті бар екінші автор, басқа автордың материалын өңдеу арқылы өзін қандай дарынды жазушы екендігін көрсетіп, авторға кімнің жұмысын бейімдеп жатқандығын көрсетуге аз елігеді (өз эгосынан басқа). Алайда қаламгер өзі бейімдеп жатқан материалды жанымен қаласа, бейімдеушіге тән қағиданы ұстанатын болады: ол қағида – мүмкіндігінше, түпнұсқадан еш ауытқымай, туындыны бір медиумнан екінші медиумға аудару, мұнда тек екінші медиумның талап-тілегімен ғана өзгерістер енгізу, сөйте тұра түпнұсқаның көркемділігін төмендетіп немесе оны бұзып алмауға тырысу. Ситком Жақсы комедия адамдарды күлдіріп қана қоймайды, сонымен қатар сол за- матта ойлануға әрі сезінуге итермелейді. Кейбіріміз бала күнімізден әзіл-ос- пақтың құрамдас бөлшектері саналатын өткіртілділік, өрескелдік, сезімталдық, мағынасыздық, үйлеспеушілік, алғырлық және тағы басқа қабілеттерді бойы- мызға сіңіреміз. Бұл дарындардың барлығын дерлік өзіміз тұратын қоғамның сакральды дүниелеріне басқаша қарап, әрі оларды драмалық қалыпта жеткізу- ді үйренгенде, қолымызда комедия жазуға керекті құрал бар деп есептей беру- ге болады. Жақсы комедия өмірді үнемі салмақты қалыпта пайымдау идеясынан туын- дайды. Келесіде теледидардан ситком көрер кезде, олар сіздің күлкіңізді шақы- ра ма, әлде ойландырта ма, жоқ әлде ынталандыра ма немесе ақыл-ойыңызбен сезімдеріңізді масайтып тастай ма, осыған мән беріңіз. Әсіресе соңғы түріне қа- тысты жеңіл-желпі сипаттамалар мен мезі болған ситуацияны қамтитын тым қа- рабайыр жазылған үстіртін фарстардың қарасы көп. Жақсы ситком – сапалы жа- зылған пьеса. Сіз кейіпкердің кемшілігін күлкімен көмкере аласыз, алайда абай болмасаңыз, кейіпкер туралы күлкілі стереотиптердің пайда болуына себепші болуыңыз әбден мүмкін. Кейіпкер анықталып, байланыстырушы диалог және сюжет нақтыланған соң, ендігі негізгі жұмыс – әр аптада оларға қатысты қандай да бір жаңа немесе басқа бір нәрсе ойлап табу. Мультфильм Анимациялық мультфильм балалар бағдарламасын жасаумен әрі балалар аудиториясымен байланысты, әрі балаларға арналған сценарий жазуға қолда- нылатын қағидаларды ұстанғанмен, олардың бірқатар сериялары ересектерге арналған телевизиялық анимациялық бағдарламалар құру мүмкіндігін туындат- ты. Анимациялық кейіпкерлердің телевизиялық қойылымдағы «жанды» кейіп- керлерден бір артықшылығы бар. Олар шынайы кейіпкердің қатысуымен өтетін бағдарлама аудиториясы қабылдамайтын дүниелерді мультфильм кейіпкерле- рінің көмегімен жасап, айта алады. Анимациялық бағдарлама мінез-құлықты,
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==