Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 476 Минисериал Минисериалдар авторға телевизиядағы уақыт шектеулерін айналып өтуге мүмкіндік жасайды. Еншісінде төрт, алты немесе одан да көп сағаты бар автор, бұл уақыт аралығына басқа кейіпкерлер мен қосымша сюжеттерді қоса алады. Экспозицияны баппен және мұқият ұсынуға болады. Кейіпкерлерді әбден пы- сықтау қажет. Сізде тыңғылықты дайындық жүргізіп, социопсихологиялық әрі физикалық жағдайын жасауға уақыт молынан бар. Кейде тым ұзақ хронометраж авторды баяу, «құрғақ» екпінмен құрастырылатын телехикая синдромына ұрын- дырады. Минисериал ондаған және жүздеген сағатқа жалғасатын телехикая емес. Бұл эфир арқылы аудиторияның көңілін аулауы қажет бірнеше эпизодтардан құралған толық пьеса. Кез келген сапалы жазылған пьеса секілді, мини-сериал да нығыздалған әрі жалғаспалы әрекеттерді керек етеді. Минисериалдар телевизияға арналған кино секілді шыққанымен, телевизияға тән ерекше қасиеттерді көзден таса етіп алмаңыз. Хронометражға сеніп, арқаны кеңге салудан аулақ болыңыз. Егер сюжет желісі жалықтырса көрермен басқа арнаға ауысып кетеді. Минисериалдың дені тарихқа негізделген. Ұқыпты қараңыз. Кейіпкерлерді құрастырғанда және оқиғалар легін өрбіткенде фактілерді немесе тарих бағытын еш бұрмалаушы болмаңыз. «Жон Адамс» ( John Adams ) секілді жоғары бағаланған минисериалда керемет сападағы продакшн мен перформанстар болды. Өкініш- ке қарай, бұл туындыда тарихты сипаттауда олқылықтар орын алып, нәтиже- сінде драмалық аспектілерді нығайту жайы елеусіз қалды. Қойылым өмірдің кү- шейтілген бейнесі екендігін үнемі есте сақтаңыз және мелодрамадан бойыңызды аулақ ұстау керек болса да, ұсынғалы тұрған оқиғаны бір уақытта драмалық қа- лыпта әрі нақты сипатта құрастыруыңыз қажет. Адаптация Кейбір минисериалдар әдеби шығармалар мен мақалалардан алынады. Адаптациялаушыны қинайтыны – туындының түпнұсқадан ауытқып кетпеуі. Түпнұсқадағы эпизод пен диалогқа байланып қалудан қашыңыз. Пьесамен са- лыстырғанда, прозалық туындыдағы бұл элементтер қызықсыз, қайталанатын және тұйық болып шығуы мүмкін. Әдеби шығарма авторы немесе тарих жасау- шы кісі адамдарды сипаттай алады, олардың сезімдерін түсіндіреді, ситуация мен мотивацияны жайып салады. Тіпті еш тіс жармай-ақ, кейіпкердің айтқысы келген өте маңызды ойларын ұсына алады. Пьесада дәнеңе де түсіндіре алмауыңыз мүмкін, бірақ сіздің еншіңізде кез келген дүниені көрсету құзыреті бар. Түпнұсқадан алшақтап, тақырып, фон, кейіпкерлер және сюжет негізіне сү- йеніп, жаңа туынды құрастырыңыз. Түпнұсқа диалогтың маңызы зор-ақ, алай- да кітаптағы драмалық сипатта құрастырылмаған диалог дауыстап оқылған кезде үнемі күлкілі естіледі. Түпнұсқамен етене жақын танысып, сосын мұны бір жаққа ысыра тұрыңыз, еншіңізде бар элементтерден пьесаның құрылымын жасақтаңыз. Автордың түпкі ойын сақтаңыз, алайда дәлме-дәл жеткізуге тырыспаған жөн. Көшіріп жатқан жоқсыз, тек адаптациялайсыз. Қажет болған жағдайда, сах- наларды және кейіпкерлерді шегеріңіз не қосыңыз, кейіпкерлерді біріктіріңіз, олардың болмысын өзгертіңіз және әрекеттер эпизодын қосыңыз. Адаптация- лаушы әрі сценарист Ирвинг Элман адаптацияның бірі кем, бірі артық қос тәсі- ліне талдау жасайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==