Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
475 Қойылым Әдіс-тәсіл Телехикаядағы декорациялар көрерменге таныс қалыпта болуға тиіс, мей- лі, үй шаруашылығы болсын, дәрігердің кеңсесі, мектеп, полиция учаскесі, өрт станциясы, шағын немесе ірі қала болсын, қай жерде болмасын көрермен сол ұсынылған артқы фон немесе орта арқылы өздеріне сәйкес бірдеңе тауып ала- тындай ұсынылуы керек. Бұған қоса кейіпкерлер де көпшілік көзіне тез танылатындай болуы қажет, оларды ұсақ-түйегіне дейін мән беріп сипаттап жатудың қажеттігі жоқ, бірақ олар сомдайтын кейіпкердің сипаты мен қақтығысатын келеңсіздіктер сипатта- луы қажет. Телехикаяны көрген әр көрермен «анау кісі Майкл ағамның өзі, жие- нім Эмиден аумайды, сантехник дәл мен секілді ғой» деп айтатындай болуы ке- рек. Бұл кейіпкердің айқын әрі түзу ниетін танытып, оларды қарапайым әрі қаз қалпында өрбіте білудің нәтижесі. Ең бастысы, кейіпкерге келеңсіз жайттардың шексіз мөлшеріне тап болу мүм- кіндігін ұсыну керек. Олар шынайы өмірде шешімі оңай көрінетін мәселелерге қақтығысуы керек, бірақ мелодрама сипатына бола аудитория назарын ұстап тұрсын. Кейде кейіпкерлердің еңсерілмейтін қиындықтарға тап болуы керек бо- лады, алайда ол қалай болғанмен де бұл қиындықтарды жеңеді, ал егер кейіпкер шоудан шегерілмесе, одан қол үзу мақсатында оны сценарий бойынша өлтіруі- ңіз қажет. Кейіпкерлер жанама шытырман оқиғалар құрастыру үшін көрермен қалайтын дүниелерді жасауға тиіс, алайда көрермен мұндай қадамдарға ешқа- шан бармауы да мүмкін. Телехикая көрерменнің жанашырлығын ояту және кейіпкермен сәйкестенді- руді мақсат тұтады, сценарийлерді жазғанда кейіпкерлерге мотивация беруші фактор ретінде қараған жөн. Сюжет бірнеше кейіпкерлерді сыйғызу үшін бір- қатар қосымша сюжеттерді қамтуға тиіс. Бұл басты конфликтіге қатысты болға- нымен, әр қосымша сюжетте кейіпкердің өмірі қиындай түсіп, кейде тіпті адам төзгісіз деңгейде сипатталсын. Телехикаяның жылдарға жалғасуы мүмкін себебінен және кейбір көрермен- нің әр эпизодты көре алмай қалуына байланысты, сюжет желісі әдетте баяу өр- биді, мұндайда әр серияда бір ғана маңызды оқиға қамтылуы мүмкін. Әрине, апта сайын көрсетілетін телехикаялардағы әр эпизод күйзеліс сәттеріне бірнеше кейіпкерді тартып, өткір сюжеттерді қамтыса игі. Апталап, айлап созылатын күнделікті телехикаялардағы тосын сәттер шиеленісте жасақталсын. Күн сайын көрсетілетін сериалдың диалогы шынайы өмірдікіне ұқсас келеді, баяу әрі қы- зықсыз. Метролар, көше қиылыстарында және супермаркеттерде кезіккен адам- дардың әңгімелерін тыңдаңыз. Алайда сериалдардағы диалогтарда бұл әңгіме- лер шектен тыс белсенді қалыпта сипатталады. Әр эпизодты күрмеуі шешілмейтіндей көрінетін күйзеліс сәттен бастаңыз. Сосын әр серияда әлгі күйзеліске ұшыратқан мәселенің шешімі көрсетілсін, басқа иірім немесе деңгей сипатталсын. Бір серия аяқталмас бұрын, сол серияға жаңа шиеленісті кіріктіру қажет, осылайша аудиторияда келесі серияда атал- мыш оқиғаның немен аяқталатынын асыға күтуге итермелейтін қажеттілік пай- да болады. Барлық телехикаяда, күніге шығатыны болсын, апта сайын шығатыны бол- сын, ең керегі кіріспе лид (lead-in) – бұл негізгі ситуацияның және өткен серия- дағы эпизодтардың мазмұндамасы. Сонымен қатар қорытынды лид (lead-out) те қажет, яғни аудитория көңілін қайта бұратын жаңа шиеленіс болуы керек.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==