Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 474 Телехикая Сыншы Гилберт Селдес «Үлкен аудитория» (The Great Audience) туындысын- да ересектерге арналған күндіз көрсетілетін драмалық сериал немесе телехи- каяны «радионың ең керемет өнертабысы, оның көркем әдебиет өнеріне қосқан орасан зор үлесі» деп сипаттайды. Радио арқылы таратылатын телехикая зама- ны баяғыда-ақ өтіп кетті, телехикая жоқ дегенде – өнер, ол мүддесі әрі ықпалы жағынан радионың баламасына айналды. Фергюс Бордевич New York Times басы- лымында былай деп жазды: Колледж студенттерінің санаулы тобы ғана телехикаяны сүйсіне көретіндердің қатарына жатқызылғанымен, ел ішіндегі мыңдаған жастар күн сайын Сартр, Макиавелли, Фрейдті былай ысырып қойып... күндіз теледидар арқылы Американың орта тап отбасыларының қайнаған өмірі туралы телехикаяларды көруге асығады. Колледж студенттерінің көңілін соншалық бұрып алатындай, таусылмас эмоцияларды қамтитын бұл баяу мелодрамалардың құпиясы неде? ...Мұндағы себеп – соңғы жылдары телевизияның күндіз таратылатын бағдарламалар тізбегі өзгеріске ұшырап, мұнда жас көрерменнің мүддесіне қатысты дүниелер ескерілетін болды... «Ұрпақтар арасындағы алшақтық», түсік жасату, әдепсіздік, нашақорлық және саяси ереуілдер енді телевизиядан таратылатын телехикаяларда кеңінен қарастырылып, талқылануда. Прайм-таймда таратылатын телехикаялар мұндағы және шетелдегі телеви- зия желілерінде ең жоғары бағаланған шоуларға айналды. Терминдер арасын- дағы түсініспеушілікті болдырмау үшін, біз прайм-таймда көрсетілетін телехи- каяларды тұрақты кейіпкерлер топтамасы мен үздіксіз сюжеттік желілері бар жалғаспалы драмалар деп қарастырамыз. Телехикая көрерменінің басым көпшілігі әдетте өз бастарынан өтпеген толқу- ларды басқадан іздейді. Адамдардың түрлі қиындықтарға тап болуын, шындап келгенде, ол адамдардан кем түспейтін сол көрерменнің күйзеліске толы өмірін бақылау, олардың өмірін шамалы төзімділікпен көркемдейді. Бұл типтес се- риалдар ақпарат, білім беріп әрі эмоциялық жеңілдік береді. Кейбір емханалар- дағы топтық терапияның сеанстары телехикаяларды үлгі ретінде қолданады, бұл сеанстарда олар кейіпкерлер кезіккен келеңсіздіктерді жеке басындағы мәселе- лермен байланыстырады. Кей көрерменнің оқиға желілерін өз өмірлеріне ұқса- татыны соншалық – желіге немесе станцияға хабарласып, немесе хат жолдап, те- лехикаяның шынайы оқиға негізінде түсірілген-түсірілмегендігін сұрап жатады. Тіпті телехикая кейіпкерлеріне жанашырлық танытып, шын есімін білгісі келіп, сонымен қатар көмек беру мақсатында көркем кейіпкерлер қатысқан шоуларда- ғы психотерапевтің, түсік жасату емханасын немесе нашақорларды қайта оңалту орталықтарының мекенжайларын сұрастырып жатады. Телехикаялар өмір секілді тоқтаусыз жалғаса беретіндей көрінеді, мұнда тек сабақтасқан шиеленіс сериялары бейнеленеді. Кейде телехикаялар шектен тыс түсінікті қалыпта көрінетін секілді, себебі мұнда жақсыны жақсы, ал жаманды жаман етіп, еш әсірелеусіз көрсетеді. Автордың мұндайда тиімді орталық аумақ- ты тауып алғаны абзал. Жадыңызда ұстаңыз, телехикаялар аудиторияға иденти- фикация мен көңілін басқаға аударуды қабат ұсынады. Бұл сюжеттік желілердің және кейіпкерлердің икемді болу керектігін білдіреді, әрі мұнда аудиторияның талап-тілектеріне жауап беріліп, қоғамдағы өзгерістер бейнеленуге тиіс.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==