Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

473 Қойылым үшін де еркіндік, әрі өз үкіметіне қарсы шығып және «тықпалаңдар» деп айтатын Мелисса Хьюз үшін де еркін! ШАПИРО: Қарсымын! АЛАН: Үкіметтің өз күшін теріс қолданып, өз азаматтарының конституциялық (натуралық түсірілім) еркіндіктерін жаншып, оларға қиянат жасауларына үзілді-кесілді қарсымын. Әрі (камераға қарап) мұнымен әлдекімнің келіспеуінен Құдай сақтасын! Олар діннен безгендер секілді былғанды. Мелисса Хьюз – Америка азаматы! Мелисса Хьюз (натуралық түсірілім) – Америка азаматы (камераға қарап)! Мелисса Хьюз – Америка азаматы! САНДЕРС: Мистер Шор (натуралық түсірілім) жаңадан немесе тыңнан қосып айтар ештеңеңіз жоқ болса (камераға қарап), отыруыңызды өтінемін. Сіз осы айқай- шуыңызбен сот залындағы этикетті (камераға қарап) бұзып тұрсыз. АЛАН: Кеше ұйықтар алдында бір кітап оқыдым. 29 жас секілді қуанышқа толы дәнеңе жоқ (натуралық түсірілім), бірақ бұл кітапта Эдлай Стивенсонның (камераға қарап) мына бір айтқаны есімде қапты. Ол мұны 1952 жылы айтқан екен: «Бүгінгі күннің трагедиясы сол, біз қорқыныш жайлаған климатта күн кешудеміз. Оған қоса бұл қорқыныш қанаушылыққа жол ашады. «Адам құқықтары туралы» заңға, ойлау еркіндігіне қатысты жасалатын қатерлі байбаламдар антикоммунизмнің патриоттық желеуіне жиі жасырылады». Бүгінгі оқиға антитерроризмді желеу етті (натуралық түсірілім), Стивенсон (камераға қарап) қағидаларды ұстанғаннан гөрі, олар үшін күрескен әлдеқайда жеңіл дегенді алға тартады. Білемін, бәрімізде үрей бар. Дегенмен «Адам құқықтары туралы» заңды ұстануымыз қажет. Біз, шынында, сол заңды ұстануымыз қажет (натуралық түсірілім), Мелисса Хьюздің айтқысы келгені – осы. Ол (камераға қарап) сенің атыңнан сөйледі. Ендігі кезекте сіздердің осы бөлмеге келіп, оның атынан сөйлеулеріңізді өтінемін. ТӨРТІНШІ АКТІНІҢ СОҢЫ Дэвид Э. Келлидің келісімі бойынша пайдаланылды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==