Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 472 оның салықтарын ұстап қалудың орнына, оның ескі дәстүр бойынша наразылыққа шыққаны жөн еді деп ойлауларыңыз мүмкін. Плакат жасап алып, онымен президент немесе вице-президент мәлімдеме жасаған шараларда бой көрсетуі керек еді деп те ой түюлеріңіз мүмкін. Алайда біз осылай жасау құқығынан да қағылдық. Құпия қызмет ендігі кезекте сөз еркіндігі бар аймақты тежеу үшін, бақылау мен наразылықтың криминализация аймағы деп жариялауы бек мүмкін. Бір сәтке кідіріңіз де, мынаны түсініп алыңыз (натуралық түсірілім), егер сіз президенттік (камераға қарап) митинг, парад немесе ол мәлімдеме жасаған шараларда оны қолдайтын жейде киіп алсаңыз, сіз анау жерде болуыңыз мүмкін (натуралық түсірілім). Ал егер қарсылық білдіретін бірдеңе киіп не ұстап алған болсаңыз (камераға қарап), әп-сәтте-ақ көзіңізді жояды. Бұл – Америка Құрама Штаты! Бұл – Америка Құрама Штаты! Мелисса Хьюз бұған бейжай қарай алмаған жалғыз америкалық па?! (АЛАН КУӘГЕРЛЕР ТҮСІНІК БЕРЕТІН ОРЫНҒА БАРЫП ОТЫРАДЫ). АЛАН (ЖАЛҒАСЫ): (терең дем алды). САНДЕРС: Шор мырза, бұл тек куәгерлерге арналған орындық. АЛАН: (натуралық түсірілім). Солай ма? Ұзаққа жалғасатын мәлімдемелер мені кейде сондай шаршатып жібереді (камераға қарап). САНДЕРС: (натуралық түсірілім). Өтініш, орындықтан тұрыңыз (камераға қарап). АЛАН: Шынымды айтсам, мен ауырып әрі шаршап тұрмын. САНДЕРС: Орындықтан тұрыңыз. АЛАН: Бірақ мен бәрінен бұрын... (АЛАН ОРЫНДЫҚТАН ТҰРАДЫ). АЛАН (ЖАЛҒАСЫ): ...Үкіметтің елді қалай басқарып жатқандығына үнемі қарсылық білдіретін әлдібіреулерге қараймын деп ауырып та, шаршап та біттім, қарсылық білдіруші кім болса ол болсын, Америка азаматы емес деп білем. (ШАПИРО ОРНЫНАН ТҰРАДЫ). ШАПИРО: Мәлімдеме жасаудың уақыты келген секілді. АЛАН: Бұл елде мәлімдеме жасауда еркіндік бар (натуралық түсірілім). Сен үшін (камераға қарап), мына тұрған сен
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==