Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

471 Қойылым деп атауға ауыз бармайды, себебі – бұл заңсыз. Бұл артына қарамай зытатын қоян жүректі адамның қылығы (натуралық түсірілім). Оны (камераға қарап) батыр деп бөркін қазандай етпеңіздер! (ШАПИРО ОТЫРАДЫ; АЛАН БІР СӘТКЕ ОЙЛАНЫП, СОДАН КЕЙІН ОРНЫНАН ТҰРАДЫ). АЛАН: (жөтеліп). Жаппай қырып-жоятын қару сылтау болып жатқанда, Америка тұрғындары ереуілге шығады деп күттім (күліп), олар шықпады (натуралық түсірілім). Сосын Әбу Грабтағы (Ирак астанасы Бағдад қаласы маңындағы түрме) жөнсіз жәбірлеу туралы (камераға қарап) дерек жарияға жар салынғанда, бұл «орындауға» біздің де үкіметтің қатысы бар екендігі анықталды (натуралық түсірілім), мұнда мен адамдарды ұрлап, оларды осы жәбір көрсетуге маманданып алған режимдерге өз қолымызбен беретін тәжірибе жайында айтып тұрмын (камераға қарап). Америка халқының бұл қастандықтан құлағдар болатындығына сенімді болған едім. Біз үн- түнсіз тұрдық (натуралық түсірілім). Кейін мыңдаған күдікті террорист адамдарды түрмеге отырғызып (камераға қарап), істерінің сотта қаралуын, олардың айыптаушыларға қарсы шығу құқықтарын таптап, оларды қамап тастаған жаңалығымыз жарыққа шықты, мұндай бассыздыққа біздің ешқашан қолдау көрсетпейтініміз анық еді. Біз көрсетпедік те (натуралық түсірілім). Ал енді атқарушы биліктің өз азаматтарын, соның ішінде мені және сіздерді жаппай заңсыз ішкі бақылауда (камераға қарап) ұстап жүргендігі туралы анықталды. Мен, қалай болғанда да, Америка халқы бұған әбден тойынды деп өзімді жұбатып едім. Сірә, біздің жүрегіміз әлі айнымаған секілді (натуралық түсірілім). Ақиқатында, бұл елдің азаматтары өз пікірлерін білдірер (камераға қарап), сайып келгенде, олар бұл бассыздықтарға оң көзбен қарайтынын байқатады. Жөнсіз жәбірлеу, еш негізсіз тінту және тәркілеу, телефоныңды заңсыз тыңдау, әділетсіз немесе кез келген сотсыз түрмеге жабу, өтірік желеумен соғыс жариялау секілді бассыздықтар біздің – осы ел азаматтарының аяқтарын қажап, табандарын тіліп кетпегенге ұқсайды. Университет ғимараттарында да наразылық білдіріп шыққан жан баласы жоқ. Шындап келгенде, жастарды бұл бассыздықтардың орын алып жатқандығынан хабардар ететін еш белгі жоқ. Ал Мелисса құлағдар болды. Қазір

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==