Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 470 экономикалық және басқа да салалардағы теңсіздіктің бетін ашып әрі мұны тал- қылай отырып, қоғамдағы моральдық және этикалық мәселелерді батыл түрде қозғап келеді. Автор әдетте жеңіл күлкіге құралған ситкомдармен (кадр сыртын- дағы күлкімен) және аса күрделі емес драмамен шектеледі, авторда маңызы жо- ғары бірдеңе айту мүмкіндігі сирек. Бұрынырақта, яғни 1950 жылдар мен 1960 жылдарда көптеген иеліктер мен Конгресс бекіткен және Федералды байланыс комиссиясы енгізген консолидацияның арқасында медианы бақылаушылар саны азаймай тұрған уақытта драмалық сериялардың бірқатары қоғамдағы ма- ңызды мәселелерге көңіл бөлді. Мұндай драмалық сериялардың мысалы ретінде соғысты кінәлау жайында қызықты деңгейде бейнеленген « M*A*S*H » туындысын айтуға болады. Соңғы жылдары «Батыс қанаты» ( The West Wing ) серияларының әр эпизодында әлемді толғандырған мәселелер бейнеленіп жүрді. Қазіргі таң- да драма контентін жазудың хас шебері ретінде автор әрі продюсер деп Дэвид Э. Келлиді атауға болатын шығар. Ол «Лос-Анжелес заңы» (LA Law) , «Семсер- лесушілер пикеті» ( Picket Fences ), «Чикаго үміті» ( Chicago Hope ), «Практика» ( The Practice ), «Элли Макбил» ( Ally McBeal ), «Бостон мектебі» ( Boston Public ) және жуырда ғана шыққан «Бостон заңгерлері» ( Boston Legal ) секілді серияларда түрлі локацияларды қолданған. Стивен Коу «Хабар тарату және кабель» ( Broadcasting and Cable ) атты туындысында Келлидің жазу тәсілі компьютер әлемінде қолайсыз саналатындығын айтады. Себебі ол туындыларының алғашқы нұсқасын қойын дәптерге түсіреді. Ол құрастырған сюжеттер және сан қырлы қосымша сюжет- тері бір эпизодтың екінші эпизодпен сабақтасатынын көрсетеді. Оның шығар- маларындағы өзекті мәселелер кейіпкерлердің мамандықтары, емханадан сот залына дейінгі көріністер, олардың жеке қатынастары мен көрген бейнеттері арқылы көрсетіледі. Коу сценарий жазғанда аудиторияның көңіл көтергісі келе- тіндігін есінде сақтайтынын, сонымен қатар Келлидің сөзінен дәйексөз келтіреді: «Ойын-сауық бөлігін жанды қалыпта теңестіре ұстасаңыз, ойын-сауықты бастыр- малатуды және қарсы шықпауды білдірмейді». Төменде «Бостон заңгерлерінің» «Шыдау» тақырыбындағы эпизодының үзіндісі берілген. Мұнда теледидардан көрсетілген Американың Иракқа баса-көктеп кіруін ең қатал айыптау деп есеп- тейтін бірқатар сыншылар тартылған сот ісі сипатталған. ИНТЕРЬЕР. СУДЬЯ САНДЕРСТІҢ СОТ ЗАЛЫ – КҮНДІЗ (ШАПИРО ӨЗІНІҢ СОҢҒЫ СӨЗІН АЙТУДА) ШАПИРО: Оның қылмыс жасағаны анық. Салықты төлеуден жалтарды. Тек «сіз оны жауапкершілікке тартасыз ба (натуралық түсірілім)?» деген сұрақ туындайды (камераға қарап). Енді Мистер Шор сөзсіз оны (натуралық түсірілім) активист батыр ретінде суреттеуге тырысады (камераға қарап). Негізінде, ол ешқандай да батыр емес, ағайын. Бұл елдегі еркіндік тұрақтамаған уақытта (натуралық түсірілім), сарбаздар қаза тауып жатқанда сол үшін салық төлеу секілді (камераға қарап), азаматтық және құқықтық парызынан бас тартуы (натуралық түсірілім) әрі бұл әйелдің (камераға қарап) әдейі істейтін әрекеттерін, әрі патриоттық тіпті Америка тұрғынына тән тірлік

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==