Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

469 Қойылым (ТАҒЫ ДА) САРА Әжемнің қос аяғынан айырылуының, соғыс пен цунамидің орын алуының, Жорж Буш қайта сайланғанда да және нашақорды тыныштандыратын дәрі шығаруды тоқтатудың да өзіндік себептері бар дегенсің! БЕТТИНА Депрессанттар есіңде ме? Құдай, депрессанттар есімде қап қойыпты. САРА Қолымдағының барлығы уысымнан шығып кетті, себебі әлемде мен және Жорж Буш секілді қарғыс атқыр қос жауыз бар. Мен – жауызбын! РУТ Сара, олай деме. БЕТТИНА (рахаттанып). Жайына жібер. САРА Оны сыртқа алып шығу туралы ұсынысты мен айтқан едім, ал ол мүлде барғысы келмеді! Мен болмай оны алып шықтым, ал ол екі мәрте ұсынысымнан бас тартқан еді! БЕТТИНА Екі рет деймісің? Бұл туралы айтпап едің. САРА Кіммін мен, антихрист шығармын? Баз бірге біреу мені қараңғы зынданға қамасын, енді бірі үлкен ор қазып, сол орға мені тастай салсын да шығармасын. Сара орындықты демеп отырып, СӘБИ СЕКІЛДІ ЕГІЛЕ ЖӨНЕЛЕДІ. Беттина көзінің астымен қарайды. БЕТТИНА (Рутқа сыбырлай сөйлеп). Екі рет? АҚ ТҮСКЕ ҚАРАУЫТУ . Жилл Солоуэйдің келісім бойынша пайдаланылады. Драма контенті Телевизия сыншысы Том Шейлз Washington Post -қа жазған мақаласында: «Ме- дианың барлығы дерлік, соның ішінде әлеуметтік желі мен оның «түкке тұрмай- тын, күнделікті және қарабайыр нәрселерді асыра сілтеп көрсетуі» бүгінде пас- сивті сенсорлық ортаға айналды... олардың стандарттары айтарлықтай деңгейде төмендеп әрі жойылғанға ұқсайды», – депжазады. Шейлздің айтуынша, «мәннің» орнын «контент» басқан. Дегенмен телевизиялық драма әркез саяси, әлеуметтік,

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==