Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 468 ФИОНА Упс. САРА (Мән бермей әлі де жүріп келе жатыр). Фостер маған мұнда киттердің ұрығы бар деп айтқан еді, әйтеуір осы маңнан қара дельфиндерді көрдім! Қара дельфин мен киттерді ажырата алмай қара басқаным жоқ! Ол бұларды суда салатын өрнектері арқылы ажыратып бере алады! ФИОНАНЫҢ СЫРҒЫП БАРА ЖАТҚАН АЯҒЫН ІРІ ПЛАНМЕН КӨРСЕТУ. Сара жартастың құлағанын естиді, артынша дауысқа қарай бұрылады. Біраз жер жүріп кеткендіктен, ол көп нәрсені көре алмайды, тек қана ауада ұшып бара жатқан Фионаға берген таяғының жартасқа соғылғанын көреді. ФИОНА Сара!? (Сара жартастар құлап жатқан жердің дауысына ілесіп отырады). САРА Тұншығып қалдың ба? Бірақ бұл тым кеш. Фиона еш жерден табылар емес. Фионаның рухы мен Жартастың қалдығы әлденеден хабар беретін секілді. Сара сан соғып, сабылып айналасын қарап шығады, мүмкін суға құлап түскен Фионаның денесін көру мақсатында теңіз жаққа да көз қырын салады. Сара Фионаның қандай да бір белгісін табу үшін суға қарайды. Ештеңе жоқ. Шарасыздықтан шарқ ұрып, есеңгірей түседі. АҚ ТҮСКЕ ҚАРАУЫТУ. ҚАРАУЫТУДАН КӨКТАС КӨРСЕТІЛЕДІ, МҰНДА ҚАРА ӘРІППЕН: ФИОНА ЛЕНОМС КЛЕЙНШМИДТ 1952–2005 деп жазылған. ИНТЕРЬЕР. ЖЕРЛЕУ ҮЙІ – АС ҮЙ Үстел үстінде шарап пен тамақтың қалған-құтқаны тұр. Бетина мен Руттың өңі қашып кеткен, Сара болса удай мас, тістері қызарып кеткен. САРА Оны мен өлтірдім! Ең жақын досымды өлтірдім! БЕТТИНА Қымбаттым, оны сен өлтірген жоқсың. РУТ Әрине, сен өлтірмедің. Маған үнемі: «Әр нәрсенің өзіндік себебі бар, себепсіз ештеңе болмайды», – деп айтатынсың. САРА Құрып кет бұл жерден! Жер жұтсын сені, құрып кет. «Әр нәрсенің өзіндік себебі бар, себепсіз ештеңе болмайды»,–дейді ғой. Сөзінің түрін қара!

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==