Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
467 Қойылым ЭКСТЕРЬЕР. ЫМЫРАСЫЗ ҚҰЗ НҮКТЕСІ – КҮНДІЗ Көкке шығуға лайықтап сәнді киінген Сара мен Фиона мұхитқа қарасты таулы-тасты жолмен жүріп келе жатыр. Сара Африкада жасалынған жіңішке таяқпен жолын сермеп келеді, оның дем жұтқаны бейне бір Солтүстік желі секілді. Фиона болса қырылдап келе жатыр. САРА Міне, мынаны ал. (Сара Фионаға өз таяғын беріп, жылдамдығын арттырып, бірнеше қадам алға шығып кетеді). ФИОНА Білесің бе, сен дұрыс айтыпсың. Сыртқа шыққаным қандай жақсы болған, күйзеліске кіріп кетудің сәл-ақ алдында тұрған едім, Тек үйімнің ішінде, пештің буына пісіп және қараң қалғыр Ұлттық Бұқара Радиосын ( NPR ) тыңдап қана жататын едім. (Күрсініп). Иә! САРА Білесің бе, осында келген сайын китті көретінмін! ФИОНА Сен маған киттерді көрсетем деп уәде еткенсің! Сара құз шыңының шоқысы секілді, жол қысқара беретін жалаң жолға жетіп алды. ЖЕЛ КӨТЕРІЛЕ ТҮСЕДІ. САРА (Фиона оның айтқанын естімейді). Мына жерден өтерде абай бол. ФИОНА Анау көрінген кит пе, әлде толқын ба! Фиона теңізге көз тіккен, алдағы таулы жотаны елер емес. Келесі қадамында үп етсе шашылатын ұнтақ секілді құмғайырды басты. жасау ісін айтарлықтай сәтті дөңгелете білген телекомпания болатын. «Сопрано кланы» (The Sopranos ) драмасымен қатар «Жер қойнында» (Six Feet Under) туын- дысы да үлкен танымалдыққа ие болды. Төменде ұсынылатын үзінді аталмыш драмалық телехикаяның «Себептер кемпірқосағы» ( The Rainbow of Her Reasons ) деп аталатын шығарылымынан алынған. Бірінші үзіндіде бастапқы сахна бей- неленген, мұнда кейіпкерлерді таныстырып, тақырыпты анықтаумен қатар, бағ- дарламаның драмалық тәсіліне ерекше мән беріледі. Кейбір кейіпкерлер бірінші қарауыту көрсетілгенге дейін қайтыс болып кеткен. Екінші үзіндіде премиум ка- белдік шоулардың орасан еркіндігі бейнеленеді. Серияларда саясат және дін та- қырыбы емін-еркін қозғалып, арасына әзіл-оспақ және сатира қолданылады, әрі мұнда бейпіл сөздерді қолданудан ешкім де сескенбейді. Бұл эпизодтың авторы – Жилл Солоуэй әдепсіз әрекеттер мен өткір әзілдер жазатындығымен танымал.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==