Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 466 Әкем мен анама қашан айтсам дұрыс болады екен? ТЕО Неғұрлым ертерек айтқаның жақсы. ВАНЕССА Оларға қазір айтсам, мені Робертпен бірге би кешіне жібермей қоюы мүмкін. ТЕО Ванесса, мынадан кейін, би кешін аттап баспассың. ВАНЕССА Бірақ несіне ренжиді? Мен үнемі «А» алып жүрмін. Ал мынау бар бол- ғаны бір «D». ТЕО Әкем мен анам үшін, бұл сен айтқандай болар-болмас «D» емес. Бұл олар үшін «Ванесса «D» алып қалды» дейтін үлкен даудың басы. (ТЕО ШЫҒЫП КЕТЕДІ. ВАНЕССАНЫҢ РЕАКЦИЯСЫН ҚАРАУЫТЫП БЕРЕМІЗ). ҚАРАУЫТУ БІРІНШІ АКТІНІҢ СОҢЫ «Ванессаның төмен бағасы» пьесасынан алынды, «The Cosby Show», авторы – Росс Браун. The Cosby Show келісімі бойынша пайдаланылды. АРНАЙЫ ҚОЙЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ «Премиум» қойылым Кабельдік желілер мен интернеттегі трансляциялық материал, бұл кітапты жазғанда АҚШ Федералды байланыс комиссиясының ( FCC ) әдепсіз және бала- ғат сөздерді тәртіптеу ережелерінде енгізілмеген болатын, дегенмен көптеген ка- бельдік желілер мұндай тәртіпке салуға алып келетін контентті шығармау үшін мұқият жұмыс істейді. Премиум арналарда (немесе оларды үнемі «ақылы ар- налар» деп те атайды) еркіндік әрекеті көбірек, себебі көрермен сол еркіндікке қол жеткізу үшін таңдауы қажет. HBO ( Home Box Office) жоғары сапалы драма
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==