Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
465 Қойылым КЛИФФ Айтпақшы, попкорнмен қатар үлкен сусын ішкім келеді. КЛЭР Бәсе, бұл туралы сөз болған жоқ. КЛИФФ Маған газдалған сусын алып бер, сосын попкорн толы бөшкеме се- кіруге рұқсат беремін. КЕСУ: БІРІНШІ АКТ 5-сахна ИНТЕРЬЕР. РУДИ МЕН ВАНЕССАНЫҢ БӨЛМЕСІ – ЖАЛҒАСПАЛЫ ӘРЕКЕТ (2-КҮН) (Тео, Ванесса) (ВАНЕССА ТӨСЕКТЕ ОТЫРАДЫ). ТЕО Әй, Ванесса! (ТЕО КІРЕДІ). ВАНЕССА Тео, сенімен бір минутқа сөйлессем бола ма? ТЕО Жайшылық па? ВАНЕССА Мен тарих пәнінің нәтижесін алдым. (ВАНЕССА ТЕОНЫҢ ҚОЛЫНА ТЕСТ ПАРАҚШАСЫН ҰСТАТАДЫ). ТЕО Тоқтай тұр, бұл «D» ғой. ВАНЕССА Білемін. Мен ешқашан «D» бағасын алып көрмеппін. Мұндай бағаны журналдан талай көрдім, бірақ менің аты-жөнімнің тұсынан көрген емеспін. ТЕО Әрі мынау қызылмен боялған. Мұндай баға алған адам жетісер. ВАНЕССА Қалайша мұндай бағаға түсіп қалғанымды білмеймін. Роберт екеуміз бұл тестіге тыңғылықты дайындалған едік. ТЕО Иә, дайындықтарыңды көрдім. ВАНЕССА
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==