Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 464 КЛЭР Қал-жағдайың қалай? КЛИФФ Керемет! Бүгін кешке киноға бармақпын. КЛЭР Сенімдісің бе? Шаршап тұрған жоқсың ба? КЛИФФ Жоқ. Соңғы екі күн ішінде ұйқымды әбден қандырып алдым, оның үстіне жаттығуларымды жаңа ғана аяқтадым. КЛЭР Жақсы. Мұның керемет кино болуға тиіс. Бұл туындының Еуропа бойынша негізгі жүлделерді иеленгендігін бүгін жұмыста жүргенде Карла айтты. КЛИФФ Жүлдесін қайдам, сол кинода маған попкорн алып берер деп асыға күтіп жүрмін. КЛЭР Клифф, попкорныңды аласың, уайымдама! КЛИФФ Попкорн болғанда да, кішкентай қораптағысы емес, Клэр. Маған үл- кенін алуың керек. Үлкен. Өте үлкен бөшке. Қорабының көлемі поп- корнның ішіне түсіп-шыққанша жеп бітетіндей болуға тиіс. КЛЭР Тура сондай попкорн алатын боласың. (ВАНЕССА КІРІП КЕЛЕДІ). ВАНЕССА Сәлем! КЛЭР Сәлем, Ванесса! ВАНЕССА Қашан тамақтанамыз? КЛИФФ Мен тамақтанбаймын. Попкорнға орын сақтап отырмын. КЛЭР Ванесса, бүгін ертерек тамақтанбақшымыз. ВАНЕССА Жақсы. Себебі бүгінгі би кешіне дайындалу үшін уақыт молынан бо- луы керек. (ВАНЕССА ШЫҒЫП КЕТЕДІ).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==