Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
463 Қойылым (КЛИФФ КІРЕДІ). Диктор: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН) Бұл шымыр жандарға арналған жаттығу сыныбы. Біз нәтижеге қол жеткізу ешқандай ауыртпалықты керек етпейді деп сенетін адамдардың қатарынан- быз. Сізге не істей алатындығыңыз туралы айтқалы жатырмын, бірақ сіз өз қалағаңыңызды істейсіз. Тек бұған дұрыстап зер салыңыз. Алдымен мойын- ды бос ұстаңыз. Басыңызды әрі-бері айналдырыңыз. Егер мұның сізге ұнай- тының сезбесеңіз, бұл керемет! (РУДИ КІРІП КЕЛЕДІ). РУДИ Сәлем, әке! КЛИФФ Тоқтай тұр, Руди, анау отырған сенің достарың емес пе? РУДИ Олар теледидар көргісі келген еді. КЛИФФ Олар дене бітімдерін түзегілері кеп жүр ме? РУДИ Иә. КЛИФФ Түрлеріне қарасаң, ұнатып жатқандары шамалы сияқты. Одан да, оларды үстіңгі қабатқа алып кетіп, бірдеңе оқып берсең қайтеді? ВАНЕССА Жарайды. (РУДИ ҚУЫРШАҚТАРЫН ЖИЫП АЛЫП, ЖОҒАРЫҒА КӨТЕРІЛЕДІ). РУДИ Диктор: (КАДРДАН ТЫС МӘТІН) Енді жон арқаның төменгі тұсын созайық. Қолды көтереміз. Қаласа- ңыздар, қолдарыңызды басыңыздан да жоғары биіктікке көтеріңіз- дер. Қаламасаңыздар, осылай да жарай береді. Енді еңкейіңіздер де, алақандарыңызбен аяқтың ұшына жеткізуге тырысыңыз. Ия, осылай. Бұл жолы тізені бүкпей жасаймыз. Бұған дұрыстап зер са- лыңыз. Есіңізде болсын, жүректі өзіңіз ширатпасаңыз, жүрек сізді ширатпайды. (КЛИФФ ТЕЛЕДИДАРДЫ СӨНДІРЕДІ). (КЛЭР КІРІП КЕЛЕДІ). КЛЭР Сәлем, Клифф! КЛИФФ Сәлем!
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==