Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 462 ДЕНИЗ Сәл-пәл кідіре тұршы. Жаңа ғана маған үзіліс ала алмайтыныңды айтып жатқаның қайда? ВАНЕССА Бірақ, енді, мен үшін. ДЕНИЗ Тео, оған телефонды беруші болма. ВАНЕССА Телефонды маған бер. ДЕНИЗ Тео. ВАНЕССА Тео. ТЕО Қой, бұл ойындарыңа қатыспаймын. (ТЕО ТЕЛЕФОНДЫ ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ҮСТІНЕ ҚОЯДЫ. ВАНЕССА ТЕЛЕФОН- ДЫ ЖҰЛЫП АЛАДЫ). ВАНЕССА Сәлем, Жанет... Ол ма? Ол мұны қайдан білген?.. Менің қызыл бел- демше киіп барғалы жүргенімді біліп қойғандықтан, әдейі істеген болар... ДЕНИЗ Мың алғыс, Тео! (ДЕНИЗ ШЫҒЫП КЕТЕДІ). ТЕО Роберт, осы сенің әпкең немесе қарындасың бар ма? РОБЕРТ Жоқ. ТЕО Бүгін үйіңе бар да, сол үшін ата-анаңа алғысыңды айт. МИКС: КИІМ АУЫСТЫРУ (Ванесса) БІРІНШІ АКТ 4-сахна ИНТЕРЬЕР. ҚОНАҚ БӨЛМЕ – ЕКІ КҮННЕН КЕЙІН, КЕШКІ УАҚЫТ (2-КҮН) (Клифф, Руди, Клэр, Ванесса, Диктор (Кадрдан тыс мәтін). (ҚОНАҚ БӨЛМЕНІҢ ІШІ БОС. БОБО ЖӘНЕ БАСҚА БІРНЕШЕ ҚУЫРШАҚ ТЕЛЕ- ДИДАРҒА ҚАРАҒАН КҮЙІ ДИВАНДА ОТЫР). АРНАЙЫ ЭФФЕКТІ: ЗАМАНАУИ МУЗЫКАМЕН СҮЙЕМЕЛДЕНЕТІН АЭРОБИКА- ЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ШОУЫ

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==