Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

461 Қойылым (ОЛ ТЕЛЕФОНҒА ҚАРАЙ БЕТТЕЙДІ). ДЕНИЗ Бұл үйдегілердің қайсысы болсын, қонақ бөлмеден бойларын аулақ ұстайды. Жаңа ғана әкемнің ұйқысының шырқын бұзған ем, әбден күйгелектенді-ау. (ОЛ ТЕЛЕФОНДЫ ҚОЛЫНА АЛЫП, НӨМІР ТЕРГЕЛІ ЖАТАДЫ). ВАНЕССА Ғафу етіңіз! Біз мұнда сабақ оқып отырмыз. ДЕНИЗ Моникаға хабарласамын деп айтқан едім. ВАНЕССА Жоғарғы қабаттағы телефонды қолдан. ДЕНИЗ Өй, мен осындамын. ВАНЕССА Бірақ біз сабақ оқып отырмыз. ТЕО Олар 1912 жылғы соғысқа қатысты сұмдық тест тапсырғалы жатыр екен. ДЕНИЗ Ванесса, сен бір минутқа үзіліс жасасаң, сол уақытта мен де қоңы- рауымды шалып алайын. ВАНЕССА Үзіліс жариялай алмаймыз. Бізге сабақ оқу қажет. ДЕНИЗ Қоя қойшы, Ванесса. ВАНЕССА Жақсы, егер сен бағана мен сұраған киімді бере тұруға келіссең, үзілісті қарастырамын. ДЕНИЗ Бәрімізге тиесілі затты қолдану үшін өзіме тиесілі затты саған беруге еш себеп көріп тұрған жоқпын. АРНАЙЫ ЭФФЕКТІ: ТЕЛЕФОН ШЫРЫЛДАЙДЫ. (ТЕО ТҰТҚАНЫ КӨТЕРЕДІ). ТЕО Хакстейбл резиденциясы. Сәлем, Жанет! Бір секунд. Ванесса, оған кейінірек қайта хабарлас дейін бе? ВАНЕССА Жоқ. Үзіліс жасасақ, жасайық. РОБЕРТ Жарайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==