Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
459 Қойылым (КЛИФФ ДИВАНДА ҰЙЫҚТАП ЖАТАДЫ. ТЕО БӨЛМЕГЕ КІРЕДІ, ЕСІКТІ САРТ ЕТКІЗІП ЖАБАДЫ, КЛИФФТІҢ ОСЫНДА ЕКЕНДІГІН БАЙҚАП, ЕСІКТІ АҚЫРЫН ҚАЙТА ЖАБАДЫ. ТЕО МЫСЫҚТАБАНДАП ӨТІП БАРА ЖАТҚАНДА, КЛИФФ ОЯНЫП, КӨЗІН АШПАСТАН ТЕОНЫ ҰСТАП АЛА- ДЫ). КЛИФФ Сен есікті қатты жаптың. ТЕО Ғафу етіңіз, әке. Ұйықтап жатқаныңызды білмей қалдым. Бірақ өзі- ңіз үнемі есіктің жабық тұрғанын тексеріп жүру керек деп айтасыз. КЛИФФ Отыр. Кейде сенің есікті қатты жабатының соншалық – тіпті үйдегі ауаның өзі жұтылып қалады. Сол себепті үйдегі қабырғалар бүгіліп қалмасын деп, терезені үнемі ашып қоямын. ТЕО Түсіндім, әке. Оятқаным үшін кешірім сұраймын. КЛИФФ Жарайды, ұлым. Сандра туғалы бері көз шырымын алуға/көз іліп алуға тырысып жүрмін. Сөйтем дегенше, аттай жиырма жыл өте шы- ғыпты. Шаршағаным соншалық – тіпті көз ілсем мәңгі тұрмайтын секілдімін. ТЕО Ақырын берсін. КЕСУ : БІРІНШІ АКТ. 3-сахна ИНТЕРЬЕР. АС ҮЙ – ЖАЛҒАСПАЛЫ ӘРЕКЕТ (1-КҮН) (Тео, Ванесса, Роберт, Дениз). (ВАНЕССА МЕН РОБЕРТ ҮСТЕЛ ҮСТІНДЕ САБАҚ ОҚУДА). ВАНЕССА Сабақты бірге оқығанды жаным сүйеді. РОБЕРТ Мен де. ВАНЕССА Барлық сабақтың бірге өткенін қалап едім. РОБЕРТ Мен де. (ТЕО КІРІП КЕЛЕДІ). Сәлем, Роберт. (ТЕО ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ІШІН АҚТАРА БАСТАЙДЫ).
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==