Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.
10-ТАРАУ 456 (РУДИ ТҮТІКШЕ АРҚЫЛЫ СҮТТІ ІШЕДІ ДЕ, ОНЫ ӨЗ ТОСТАҒАНЫНЫҢ ІШІНЕ САЛАДЫ). КЛЭР Руди, түтікшені орнына қой да, сүтіңді іш. (РУДИ ТОСТАҒАНДАҒЫ СҮТТІ ІШЕДІ). КЛЭР (ЖАЛҒАСЫ) Жақсы, жетер. Таңғы ас осымен тамам. Бар да тісіңді жу және мек- тепке шығуға әзірлен. (КЛИФФ КІРІП КЕЛЕДІ). КЛИФФ Әй, месқарын! РУДИ Сәлем, әке! Түтікшеммен ойнама. (РУДИ ШЫҒЫП КЕТЕДІ). КЛЭР Қал-жағдайың қалай? КЛИФФ Хмммм. КЛЭР Қай уақытта келдің? КЛИФФ Хмммм. КЛЭР Байғұс бала. Ол осы аптада үшінші рет осылай жүр. КЛИФФ Клэр, карьерамда үш мыңға жуық сәбиді дүниеге әкелгенімді айт- қым келген. Кездейсоқтық па білмеймін, олардың барлығы дерлік таңғы екі мен бес шамасында қақаған қыстың түнінде дүниеге келсе керек. Балаларға ғана арналған ауа райын талғамайтын радиос- танция болуы қажет. «Сағат таңғы екі. Қалың қар және арктикалық жел» дегенді естіген кезде, олар күндізгі уақытта дүние есігін ашады. КЛЭР Мүмкін, бүгінге белгілеген киноға бару жоспарын ұмыта тұрармыз. КЛИФФ Жо-жоқ. Киноға барамыз. КЛЭР Сенің түрің сондай шаршаңқы. КЛИФФ Менде бәрі жақсы болады. КЛЭР
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==