Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 454 The Cosby Show -ын бұрын-соңды көре алмаған көрермен Клифф пен Клэрдің күйбің тірлік арасынан аз да болса саз уақыт тауып, жеке тынығуға бет алғанда- рын, әрі екеуара жоспарларын талқылағанда Клиффтің дәрігер екендігін анық- тай алады. Әзіл-оспақ ситуациядан шығады: Клиффтің киноға барар мүмкіндігі шамалы, себебі біреуді толғақ қысса кез келген уақытта перзентханаға шақырты- луы мүмкін. Жұма күнін киноға баруға қолайлы уақыт ретінде қарастыра оты- рып, ауа райы болжамын оқиды: «Жұма: күн ашық әрі жылы. Сәбилер жарық дүниеге асықпайды». Бұл автор жеткізгісі келген қалжың емес. Бұл Клиффтің тұлғалық кейпін көрсету мақсатында логикаға сай айтқаны. Ізінше Ванессаның жаңа жемпірді талап еткендігі туралы конфликт ұсыныла- ды. Бұл, әрине, анау айтқандай әлемді сілкіндіретіндей конфликт емес, алайда осы типтес конфликтілер көптеген көрерменнің үйінде жиі орын алып тұрады. Ванесса жаңа жемпір сатып ала ма? Ең маңыздысы, кейіпкерлердің өткен өмірін ұсына отыра, сол жемпірді алу үшін Ванессаның күш салуымен, оның және ата- анасының арасында қандай конфликтілер орын алады? 3-сахнада Клифф пен Тео, кейіннен Хакстейбл балаларының арасында күлкілі жайттар көрсетіледі. Мұндағы әрекеттер кейіпкердің айтқаны мен сөйлегені бойынша өрбіп отыра- ды. 4-сахнада Ванессаның жемпірді алудағы үздіксіз талпынысына мән беріледі, оқиға сюжет желісі бойынша өрбіп отырады. 5-сахнада конфликт күшейе түсе- ді – бұл осыған дейін осы тараудағы диаграммада көрсетілген қойылым құры- лымындағы үдемелі әрекет. Ванесса жігіті Робертпен бірге сабақ оқыған сыңай танытып, артынша төмен баға алып қалуы және Ванессаның жігітімен биге бар- ған кезде, әдемі көріну үшін әлгі жемпірді сатып алғызғысы келгендігі, жағдайды ушықтыра түседі. Орын шектеуіне байланысты, бұл кітапқа енгізілмеген қойылымның қалған бөлігі – отбасы мен достардың арасындағы өзара байланысына қатысты бірқатар жағымды ұсыныстарды бейнелейді, атап айтсақ: киімді рұқсатсыз алу орынсыз- дығы, тыңғылықты сабақ оқу мен жай араласудың арасындағы айырмашылық және әркімнің өз жеке жауапкершілігіне мұқият қарауы (Клифф пен Клэр ой- науды жалғастырғысы келетіндіктерін айтады, алайда оларға жұмыс істеу керек: «Мойнымызда төлейтін шоттар және беретін жәрдемақылар бар»). Шолу сюжеттің біршама қарапайым негізде құралғандығын көрсетеді. Алай- да белгілі бір уақыт аралығында өрбіген кейіпкерлердің тереңдігін олардың тұл- ғааралық қатынастарынан пайда болатын әзіл-оспақтың сәтті қолданылуы және аудиторияның басым бөлігі, соның ішінде ересектер мен балалардың өздерін та- нып-білу жағдаймен біріктірген кезде, ситкомның формуласына жауап беретін сәтті сценарий шыққандығын аңғарамыз. THE COSBY SHOW «Ванессаның төмен бағасы» ШОУ #0212–13 КЕЙІПКЕРЛЕР ҚҰРАМЫ Клифф Хакстейбл. .................................................................................................................Билл Косби Клэр Хакстейбл.......................................................................... Филисия Айерс –шетелдік азаматша Дениз Хакстейбл ................................................................................................................... Лиза Бонет Тео Хакстейбл . .............................................................................................Малкольм-Жамал Уорнер

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==