Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

453 Қойылым ЖЕССИ (ызаланып). Мені уайымға салынды деп кім айтты? Оны ойлап жүрген мен жоқ. (Нина күледі). НИНА Оған жұмсақтық таныт, Жесси. Өзі қарт кісі. (Нина машинасын оталдырып, суықтан қалтыраған Жессиді далада жалғыз қалдырып, қайтып кетеді). ЕКІНШІ АКТІНІҢ СОҢЫ ҮШІНШІ АКТ ИНТЕРЬЕР. ЛАШЫҚ – ТҮН (Жесси ішке кірген уақытта Жо кешкі асын ішіп отырады. Үстелдің үстінде бос тәрелке тұр. Күйгелек күйге енген Жесси орындықты жылжытады). Ситком моделі The Cosby Show – тарихтағы ең табысты телевизиялық сериялардың бірі. Бұл шоу тікелей тамашалайтын аудитория алдында түсірілген әдетте жарты сағат- тық эпизод үшін бір және бір жарым сағат жұмсалатын. Төменде 15 сахнаны қамтитын екі актіден құралған «Ванессаның төмен бағасы» ( Vanessa’s Bad Grade ) пьесасының бірінші актісі (5 сахна) берілген. Бұл пьеса ситком сценарийлерін жазудың моделі ретінде ұсынылып отыр. Бұған қоса, мұнда автор сценарийдің соңғы жобасын режиссерге өткізетін кезде дайындаған кейіпкерлер мен сахна- лардың тізімі берілген. Ситкомдардың басым көпшілігі қысқа, өткір әзіл, әлде визуалды күлкілі эпи- зод негізінде ойнатылады. Мұнда белгілі бір мәселеге назар аударылады неме- се сол мәселе екіұшты ой, фарс ретінде ұсынылады. The Cosby Show -дағы әзіл- оспақ бағдары кейіпкерлердің тұлғалық кейіптеріне бағытталған. Мұнда бір отбасының шынайы өміріндегі апта бойы орын алған, әрі көптеген отбасылар ұшырасып жататын және көптеген көрерменнің өз өмірлеріне ұқсататын қиын- дықтарын көрсету арқылы үй шаруашылығының нәзік табиғаты бейнеленген. Бұл телевизия тарихында ерекше құрметке және тұрақты түрде жоғары бағаға ие болған бағдарлама болды. Көптеген сыншылар осы бағдарламаға алдағы уа- қытта түсірілетін отбасылық комедиялардың моделі ретінде қарады. «Ванессаның төмен бағасын» оқыған кезде автордың, алдымен үй ішінде жай- лы атмосфера орнатуына және кейіпкерлердің тұлғалық кейіптері мен олардың бір-біріне қатысты сезімдеріне мән беріңіз. Экспозиция ситуациядан шығады: Жин Ставарцтың рұқсаты бойынша қайта басылып шықты.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==