Роберт Л. Хиллиард Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу.

10-ТАРАУ 452 ИНТЕРЬЕР. ЛАШЫҚ – ТҮН ЕКІНШІ АКТ Жесси өз заттарын үстел үстіне қойып, айналасына қарайды. Лашық ішінде айтарлықтай көп жиһаз жоқ, бірақ іші таза әрі жинақы. Бір бұрышта түсі оңып кеткен көрпе жапқан төсек тұр. Оған қарсы қабырға- да тұрған тот басқан әскери бүктемелі кереуеттің үстінде таза ақжайма және көрпеше. Екі төсектің ортасын жіппен ілінген жабын бөліп тұр. НИНА Маған бар керегі – қол қойсаңыз болды мына жерге... Қария үстелдің үстінде шашылған парақтарға қарап, артынша үстел астын- дағы суырманы ақырындап ашады. Қаламсабын алып, қағаздың біреуіне өз қолын әдемілеп қояды. Сосын ол қаламсаптың қақпағын жаймен жауып, ор- нына қояды. НИНА Иә, енді бәрі біткен секілді. Егер сұрақтарыңыз болмаса… ЖО Жоқ. НИНА Мынау менің визиткам. (Ол Жессиге қарайды). НИНА Қандай да бір ақпарат пайда болса, маған хабарласа аласыз. (Қария басын изеді. Нина өз визиткасын үстел үстіне қойып, есікке қарай бет алады. Жесси оны сыртқа дейін шығарып салады). ЭКСТЕРЬЕР. ЛАШЫҚ – ТҮН Ескі, үш тоннаға дейін таси алатын Фарго жүк көлігі Фордқа қарсы бетке тұ- рақтайды. Қос көлікті де қалың шық басқан. Жесси шарасыздықтан қалшыл- дап тұр. ЖЕССИ Ой, үүуһ… (Нина машинаның есігін аша сала, Жессиге қарай бұрылады). ЖЕССИ (теңселіп). Сіз кетіп жатсыз ба? Оның қайсарлығы көрініп-ақ тұр. НИНА Уайымдамаңыз. Барлығы жақсы болады. (Артынша Жесси өзінің осал тұсын көрсеткеніне өкінеді).

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==